2024-09-22

ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫН ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша әзірленген Жол картасында негізгі бағыттардың бірі денсаулық саласын қамтиды.

Соңғы екі жылда Шымкентте денсаулық сақтау ұйымдарының материалды техникалық базасын нығайтуға 12,8 млрд. теңге қарастырылған. Техникалық база 78,4 пайызға жаңарды.
Сонымен бірге жеке инвестициялар есебінен медициналық орталықтарға 5 компьютерлі томограф орнатылды.

2020 жылы қалалық перзентхана, №2 қалалық аурухана, «Ана мен бала» орталығы, №1, №9 емханалар ғимараттарына күрделі жөндеуден өтті. 200 орындық қалалық инфекциялық орталық ашылды. Жедел жәрдем автокөлік паркі 100 пайызға жаңарып, диспетчерлік орталық ашылды. 2021 жылы 3 жекеменшік емхана және 1 оңалту орталығы ашылып, қызмет көрсетуде. Үш инсульт орталығы ашылды.

Н.А.КЕРІМБАЕВ
Мәслихат депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика