2024-07-27

САФУРА БОЛЫП СӨЙЛЕДІ…

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 19.85pt;»>Сафурасы кім тағы деп отырған шығарсыз. Кейіпкер. Кітап атты әлемнің қасиетінен нәр алған қазақ оқырманының көкейінде қалған кейіпкер. Дулат Исабековтың сомдаған кейіпкері.

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 19.85pt;»> Шымкенттегі «Оқушылар сарайында» Шымкент қаласы әкімдігінің Тілдерді оқыту орталығы ұйымдастырған көркемсөз оқу шеберлерінің кезекті «Көркем сөз оқу шеберлерінің О.Бөкей атындағы ХVIII қалалық байқауы» болып өтті. Жалпы байқауға 50 үміткер қатысып, іріктеліп алынған 13-і ақтық сайыс алаңына шықты. Олар Апсаттар Мақпал, Ыбрақ Асылзат, Исабек Азимхан, Нұрмат Бақдаулет, Бегімбет Сабина, Махамбетов Шерзат, Манап Нұрсұлтан, Бекболат Бекзат, Құлназар Бақыткүл, Ержігітов Оразхан, Әбішов Әділ, Өсербай Арай, Ильясов Қазбек.Сайыскерлердің есімін әдейілеп жеке-жеке ерекше құрметпен атап отырмыз. Өйткені олар оған лайық. Себебі олар сол күні Өнер атты құдіреттің арқасында жиналған жұртшылыққа әдебиет, кітап атты ұлылықты ұқтырып, жан-дүниелерін беймаза күйге түсірді.

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 19.85pt;»>Сайыс жылдағыдай прозалық, драмалық шығармадан монолог оқу, поэзиялық шығармаларды мәнерлеп оқу бойынша 3 бөлімнен құралды. Бірінші бөлімнен-ақ қай үміткердің шоқтығы биік екендігі айқын байқалған-ды. Әділ қазылар алқасының құрамында осы байқауда бағы жанған Гүлжанар Сазанбайқызы мен Мақсат Айтжановта отырды. Қазылар алқасының ту сыртында отырған бізде өзімізше үміткерлердің өнеріне сараптама жасаймыз. Салғаннан-ақ көңілден шыққаны аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің 3-курс студенті Бегімбет Сабинаның өнері болатын. Сахна төрінде жарқ ете қалған осы қызға лайықты орны деп бас жүлдені беріп қойдық ойша.

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 19.85pt;»> Сәбина Дулат Исабековтың «Алыстан келген ананас» атты драмалық шығармасын алып шықты сахнаға. Монологтың майын тамызған Сәбинаның қимылынан көз алмай тым-тырыс болдық та қалдық.Бір біз емес бүкіл залда отырғандар. Сәбина Сафураның кейпіне шынайы еніп кеткен. Студент емес Сафура жүр сахнада. Аяғы ауыр, жанында сенгені жоқ. Не істеу керек? Сафураның қайғысына, жан азабына ортақтасып, қол ұшын бергің келеді. Образға кіру,көрерменді сендіру деген осы екен ғой. Ой жүйрік көз алдыңнан айналаңда болып жатқан ұқсас оқиғалар зырылдап өтеді. Алданған Сафураның зілді сөзі миды шанышқылағаны соншалық бос орыны қалмаған залдағы көрерменнің көзіне еріксіз жас үйірді. Сәбинаның сөзі әлсіздеу, нәзіктеу, ұяңдау болғанымен кеуде тұстағы жүректі шымырлатып беймаза күйге түсіреді. Соншалық қиыншылыққа қарамастан өзі сенген Сапар есімді жігітті ақтай сөйлегенінде нағыз адамгершілік пен риясыз көңілді көресіз. Сенесіз бе, сөздің шынайы шыққаны соншалық дәл сол мезетте аяғы ауыр Сафураны емес, оңбаған әрекетінен кейін ізін жоғалтқан Сапарды қатты аяп кетесің… Әрекеті аяныш сезімін туғызады, сені де еркек дейді-ау… Сафура сол ақкөңіл адал жүрегімен биіктен тіл қатып тұрды… «Мен сәбиді дүниеге әкелемін, әкесінің иттігін, анасының ақымақтығын білсін» деп үн қатпайтын аспанға телміре қараумен көз жасы мөлт етіп үзіліп түскенде… «жарайсың Сафура» деп дауыстап жіберген көрерменнің қол шапалағы біраз уақытқа дейін соғылды.

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 19.85pt;»>Одан кейін… Одан кейін сахна төріне шыққан политехникалық колледждің студенті Бекболат Бекзат Сәбинаның сайыстағы сөзсіз лайықты қарсыласы екендігін танытты. Ол Оралхан Бөкейдің «Қасқыр ұлыған түнде» атты шығармасынан үзіндіні мінсіз оқып шыққандай әсер қалдырды. Монолог оқудың шебері десекте артық болмас Бекболатты. Әрине, бойында шамалы жастығы бар. Аз ғана шеберлік жетіспейтінде шығар. Шығармадағы Арай есімді қыздың жан-азабын тыныштықта тұрып-ақ жеткізе білгенде бір тұңғиыққа батасыңда кетесің. Алтай өңірі туралы мақала жазуға бет алған журналист жігіт сол күні редактордың тапсырмасын алғаш рет орындамайды. Орындай алмайтындай себебі болды өйткені… Ол күні кешке шығарып салайын деген жігіттің ұсынысынан бас тартқан Арай есімді қыз қасқырдың құрығында кетеді. Алтайдың өңірін шығармаға арқау етпекші болған жігіт оны естіп қалам тербеуге де батылы бармайды… Дәл осы көріністі көркемсөзімен көкірекке қондырған Бекболаттың өнері де жүлдеге лайықты деп қойдық іштей.

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 19.85pt;»>Келесі назарымызға іліккен тағы бір үміткер ҚР ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орнынан келген Ильясов Қазбек болатын. Ол шынайы ашық келбетімен сахна алаңында сезімтал жазушы Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» романынан үзінді оқыды. Кітапты оқыған болсаңыз соғыстан қайтқан солдаттың поездан туған елге түсе салысымен сатушы әжелердің құрт, айран-сүтін сіміре ішіп, бетіне айран жаға кететіні, әйелдердің түсінбегеніне туған елдің топырағына дейін сағынғандығын айтып жылатқандығы, ауыл әйелдерінің аңғал да ақкөңіл мінезі мен соғыстан қайтқан солдаттардың армансыз тағамнан дәм татқаны есіңізде болар?! Қазбек сол көріністі көз алдымызға шынайы көрсетіп берді. Оғанда өзімізше бір жүлделі орынды ұсынып қойдық ойша.

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 19.85pt;»>Тағы бір көңіліміздің төрінен орын алған талапты жас 5 колледждің студенті Әбішов Әділ болды. Ол Шекспирдің Гамлетін сомдап шыққанда көрермендер айқайлап дем берді. Бір орынды Гамлетке деп түртіп қойдық қағазымызға, әділ қазылар алқасының шешімімен қаншалықты сай келер екен…

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 19.85pt;»>Сайыс мәресіне жетті, асыға күткен байқаудың жүлдегерлері де анықталды. Біз ойлағандай бас жүлде Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің студенті Бегімбет Сәбинаға беріліп, облыстық байқауға жолдама алды. Ал, Ильясов Қазбек пен Әбішов Әділ ІІ орынды иеленді.

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 19.85pt;»>І орынға Оңтүстік Қазақстан педагогикалық институтының студенті Апсаттар Мақпал ие болса, ІІІ орын Құлназар Бақыткүлдің еншісінде кетті. Соқырдың монологын биязы оқыған Мақпалдың да өнері жүлдеге лайықты еді. Оған ешқандай дау айта алмаймыз.

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 19.85pt;»>Бәрі дұрыс… Тек біз бағалаған Бекболат Бекзат көрінбеді жүлдегерлер арасынан. Кім біледі бәлкім біз көркемсөз шеберлерінің монологындағы бір түйткілдерін байқамаған болармыз. Бәлкім Бекболатқа тағы да шыңдала түсу керек болды ма екен?! Кім біледі?… Әйтеуір әлі талай асулардан асатын қырандай көрдік сол жас жігітті.

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 19.85pt;»>Сайыс соңында бас жүлденің жеңімпазы Бегімбет Сәбинаның да бір ауыз пікірін білгенбіз.

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 19.85pt;»>-Білмеймін… Бірақ өзіме лайықты қарсыласты, көркемсөз шеберін Бекболат Бекзаттан көрдім,-деді ол. Сафураның рөлін сомдаушы қыздың айтқаны осы.

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 19.85pt;»>Алда облыстық байқау тұр. Ал, қалалық байқау шын мәнінде әділ өтті.Оны көрермен ықыласы растайды. Өзімізше пікір айтқан бізде сол көп көрерменнің бірі едік.

tom: 10pt; text-align: right; text-indent: 19.85pt;»>Жарылқасын Үсентаев

Яндекс.Метрика