Мектеп оқушылары арасында құқықбұзушылықтың алдын алу шарасы

tories/30112019-5.jpg» border=»0″ />

Мектеп оқушылары арасында түсініспеушілік салдарынан туындайтын құқықбұзушылықтар мен бұзақылық жайттарының алдын алу мақсатында Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Е.Жумаханбетовтің бастамасымен Шымкент қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының оқушыларымен жеке кездесу ұйымдастыруды жөн санап, оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында қаланың бас полицейі  оқушылардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап беріп, оларға күрделі жағдайлардан жанжалсыз шығу жолдарын түсіндірді.

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың спирттік ішімдіктерді ішкені және есірткі заттарын таратқаны үшін, ұрлық, тонау, қорқытып алу, дене жарақаттарын келтіргені үшін жауаптылығы туралы айтылды. Мектеп оқушыларына бұл құқықбұзушылықтар мен қылмысқа берілетін жауапкершілік түрлері және қандай жаза берілетіндігі түсіндірілді.

Кездесу соңында мектеп басшылығы полиция қызметкерлеріне өз алғыстарын білдіріп, «Өзіңнен баста» атты үндеу тасталып, бірауыздан қолдау тапты.

Шымкент қ. Полиция департаментінің баспасөз қызметі

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика