«NurOtan» партиясы Шымкент қалалық филиалы активі өтті

tories/30112019-8.jpg» border=»0″ />

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында қалалық партия филиалының активі өтті. Шараның мақсаты — Елбасы, ҚР Тұңғыш Президенті, «Nur Otan» партиясы Төрағасы Н.Назарбаевтың жетекшілігімен партияның аймақтық филиалдарының өкілдерімен болған кездесуді түсіндіру және аталмыш мәжілісте қаралған тапсырмаларды іске асыру. Мәжіліске Шымкент қаласының әкімі, партия филиалы төрағасы Е.Айтаханов мен мәслихат хатшысы Ғ.Ташқараев, сонымен қатар қалалық және аудандық филиал Саяси кеңес мүшелері, партия ардагерлері, депутаттық фракцияның мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және «Jas Otan» Жастар қанатының мүшелері қатысты. ⠀

Ерлан Қуанышұлы өз сөзінде Елбасы айтқан сайлау алдындағы кезеңде партияның жұмысын күшейту керектігі жайлы айтты. Сондай-ақ, депутаттар жұмысы мен мәслихаттардың мәртебесін көтеру бағытындағы жұмыстарды жандандыру үшін керекті шараларды жүзеге асыру жоспарда болу керек. Оған қоса Е.Айтаханов қазіргі таңда басты мәселелердің бірі болып тұрған қаланың шеткі аймақтарын газдандыру, ауыз сумен қамту, инфрақұрылым салаларын дамытуға басымдық берілетінін айтты. Осы бағытта атқарылатын істердің өз деңгейінде және сапалы орындалуын «Nur Otan» партиясының филиалы тікелей қадағалауында болу қажет.

Шара барысында қалалық партия төрағасының бірінші орынбасары Б.Нарымбетов пен мәслихат хатшысы Ғ.Ташқараевтың баяндамалары тыңдалды. Мәслихаттың фракция жетекшісі Б.Төлегенов фракция депутаттарының партиялық жауапкершілігін арттыру бойынша ұсынысын ортаға салды. Осы жылы құрылған жастар мәслихатының депутаты Ашимова Жасмин де аға буынға өз алғысын білдіріп, Елбасының жастарға деген қолдауының орасан зор екендігін айтты. ⠀

Шара соңында «1 желтоқсан — Тұңғыш Президенті күніне» орай партиялық билеттерді салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

«Қызмет-Ақпарат»

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика