«Ұлт рухын ұлықтаған ұлы тұлға»

tories/03122019-3.jpg» border=»0″ />

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің салалық кәсіподақтары аумақтық құрылымдары өкілдерінің Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысында іс-шара жоспарына сәйкес, Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері салалық кәсіподағының Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен Шымкент қаласының Абай атындағы орталық кітапханасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай болашақ ұрпаққа Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы мағлұмат беру, Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, патриоттық сезімдерін арттыру мақсатында «Ұлт рухын ұлықтаған ұлы тұлға» атты мерекелік кеш өтті.

Кеш Қазақстан Республикасының әнұранымен басталды. Елбасының өмірін баяндайтын бейнеролик көрермендер назарына ұсынылды. «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Әуесханов Серік Елемесұлы, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» Түркістан облыстық филиалының төрағасы Бастарбек Пірімбетов, Шымкент қаласының Абай ауданы әкімдігі аппаратының мәдениет бөлімінің басшысы Бауыржан Арынғазиев, «Заңнама» газетінің бас редакторы Айгүл Мамыт, Шымкенттегі №1 оқу өндірістік комбинатына қарасты жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығы «Жас қаламгер» ақындар клубының жетекшісі Марғуба Мұхтарқызы құттықтау сөздер сөйлеп, Елбасы туралы толғауларын айтты.

Ақындар клубының мүшесі Байтемір Керім күй тартса, Сапар Талшын, Сапар Азамат, Жолдасбек Нұрсезім және М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінің студенттері баяндама жасап, жарыса өлең оқыды. Өнер секторының кітапханашысы Гүлмира Сапарова, білім орталығының кітапханашысы Талиға Наханова халық әндері «Сарыбидай», «Балапанқазды» орындады. «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» Түркістан облыстық филиалының төрағасы Бастарбек Пірімбетов кітапхана қызметкерлері Гүлназым Емкулованы, Талиға Наханованы, Гүлмира Абуованы «Құрмет Грамотасымен» марапаттады.

Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің директоры Гүлсім Шатырбекова келген қонақтар мен қатысушыларға рахметін айтып, іс-шараға белсенді қатысқан бір топ оқушылар мен студенттерге «Алғыс хаттар» табыс етті.

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика