«Керемет шақ»

tories/03122019-4.jpg» border=»0″ />

Республикалық, халықаралық конкурстардың лауреаты, әнші Мақсат Айтжанұлының жанды дауыста «Керемет шақ» атты кәсіби сахнадағы 20 жылдық есеп беру концерті жоғары деңгейде өтті. Кешті қайрымды қала әкімінің орынбасары Е.Садыр жылы лебізімен ашып, Мақсат Айтжанұлына өнерде табыс тіледі.

Жанды дауыстағы әуезді әуендер көрерменнің көңілінен шығып, құлақ құрышын қандырды.

М.Айтжанұлының өнердегі ағасы, «Шаншар» әзіл-ысқақ театырының директоры У.Әбдірайымов сөз сөйлеп, әншінің өнеріне, жеткен жетістігіне тоқталып, ыстық естеліктермен бөлісті. Алдағы уақытта шығармашылығының шындалуына тілекші болды.

Көрерменге толы зал, әуелеген ән, ыстық қошемет кештің шырайын келтірді.

Кеш соңында Мақсат Айтжанұлын арнайы «Шымкент қалалық мәдениет үйі»концерттік ұйымы» МКҚК-ны директордың м.у.а Ғ.Аманқұлов алғыс хатпен марапаттап, құттықтау сөз сөйлеп, сәттілік тіледі.

  • Related Posts

    TikTok, Instagram, Youtube қашан қазақша сөйлейді немесе Z ұрпағы үшін қазақ тілін трендке айналдыру жолдары

    TikTok, Instagram, YouTube сияқты желілер тек көңіл көтеру құралы ғана емес, қоғамдық пікірді қалыптастыратын, мәдени, рухани бағыт-бағдар беретін күшке айналғалы қашан. Бұл платформалар қазіргі таңда тіл саясатына әсер ететін ықпалды…

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика