«Мәңгілік ел болу үшін әдебиет ауадай қажет!»

tories/03122019-5.png» border=»0″ />


Шымкент қалалық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында жазушы Жан Ақжановтың шығармашылық кеші өтті. «Сладкий дождь», «Солнце улыбнется тебе ночью», «Сенің түнгі күнің», «Путь врача», «Степь и судьбы» атты кітаптардың авторы Жан Ақжанов кітаптарын орыс тілінде жазады.

Ұзақ жыл шет елдерде тұрған жазушы ағылшын, итальян, малай, тай тілдерін меңгерген. Қаламгердің кітаптарына ресейлік режиссерлар А.Кончаловский мен Н.Михалков қызығушылық танытып, экрандауға лайық деп таныған.
«Мәңгілік ел болу үшін әдебиет ауадай қажет!» деген тұжырымын ұсынған Ж.Ақжановтың бірқатар кітаптарында өз кәсібіне адалдық, тазалық, парасаттылық арқау болғандықтан, кездесуге «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет» өкілі Ж.Әлжанова да қатысып, өз пікірін білдірді.


Кездесуді жүргізген директор орынбасары Г.Алпысбаева жазушының шығармашылығы туралы кеңінен әңгімеледі. Оқырмандар Ж.Ақжановтың шығармашылығына, алдағы жоспарларына, шет елдегі жеке өміріне қатысты көптеген сұрақтар қойып, кеш қызу пікір алысуға ұласты.

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика