ЕМДЕУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ ТАЛАПТАРЫ

Емдеу, алдын алу мекемелері – бұл, халыққа білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсететін және алдын алу шараларын жүзеге асыратын медициналық мекемелер жүйесі. Атап айтқанда, оларға науқастарды стационарлық емдеуге арналған әртүрлі саладағы аурухана мекемелері, амбулаторлық – емханалық мекемелер мен диспансерлер (туберкулезге қарсы, тері – венерологиялық,психо – неврологиялық, т.б.), перзентханалар, балалар және әйелдер консультациялары, жедел жәрдем беретін емдеу мекемелері, шипажай – курорттық мекемелер және т.б. жатады.

Дезинфекция – сыртқы ортада инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жоюға бағытталған арнайы іс-шаралар кешені.

Жоғары деңгейдегі дезинфекция – барлық патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдер жойылатын, ал спора саны азаятын дезинфекция түрі.

Камералық дезинфекция – дезинфекциялау камераларда дезинфекциялау және дезинсекциялау.

Қорытынды дезинфекция – науқасты емдеуге жатқызғаннан, оқшаулағаннан кейін, ол жазылған соң немесе қайтыс болғаннан кейін ошақта жүргізілетін дезинфекция.

Орта деңгейдегі дезинфекция – бактериялар (оның ішінде туберкулез микобактериясы), вирустар (оның ішінде поливирустар), грибоктар жойылатын, бірақ спора жойылмайтын дезинфекция.

Дезинфекциялауды жүргізу «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 07 шілдедегі Кодексінің 152-бабына сәйкес жүзеге асырылады. Дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге денсаулығының жағдайы бойынша қарсы көрсетілімі жоқ, кәмелет жасына толған, арнайы оқытылған адамдарға рұқсат етіледі.

Дезқұралдармен жұмыс жасауға тартылатын мамандар (дезинструктор, дезинфектор) әр 5 жыл сайын дезинфекциялау,дезинсекциялау дератизациялау бойынша кәсіптік даярлықтан және жыл сайын жұмыстарды қауіпсіз жүзеге асыру, дезқұралдармен уланған кезде дәрігер қарағанға дейін алғашқы көмек көрсету сұрақтары бойынша нұсқамадан өткізіледі. Дезқұралдар арнайы ыдыста құралдың атауы, оның тағайындалуы, жарамдылық мерзімін көрсете отырып, өнім берушінің ыдысында(қаптамада) сақталады. Ыдыстың затбелгісі дезқұралды сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңінде сақталады. Дезинфекциялау, дезинсекциялау мен дератизациялау жүргізу үшін Қазақстан Республикасының және Евразиялық экономикалық комиссиясының қатысушы мемлекеттердің аумағында қолдануға рұқсат етілген дезқұралдар қолданылады. Жарамдылық мерзімі аяқталған, жарамсыздық белгілері (түсінің өзгеруі, бөгде элементтердің болуы) бар болған жағдайда дезқұралдар қолдануға жол берілмейді.

Ағымдағы дезинфекцияны денсаулық сактау ұйымының медицина қызметкері ұйымдастырады, оны науқасқа күтім жасайтын адам, реконвалесценттің немесе бактерия тасымалдаушының өзі жүргізеді. Ағымдағы дезинфекцияның жүргізілу сапасы, ағымдық дезинфекциялаудан кейін 50 минуттан кешіктірмей алынған бактериологиялық шайындылардың патогенді емес микрофлораның болуына оң нәтижелі шайындылардың саны алынған шайындылар санының 3 %-нан аспайтынды, дезинфекциялау препаратының қалдық санының болуына теріс экспресс-сынамалар саны 5 %-дан аспайтынды және дезинфекциялау ерітінділерінің қанағаттанғысыз талдауының саны 5 %-дан аспайтынды құрайтын болса, дезинфекциялау сапасы қанағаттанарлық болып есептеледі.

К.О.Баймусанова

Шымкент қаласының  Әл-Фараби аудандық СЭББ бас маманы

Көрнекі фотосурет ашық интернет көздерінен алынды

 

 

 

 

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика