«Ұлы Дала кемеңгері – Елбасы және Түркістан» көрмесі ашылды

Түркістан қаласында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен «Ұлы Дала кемеңгері – Елбасы және Түркістан» атты көрме ашылды. Еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жоғары мемлекеттік қызметке келгеніне 30 жыл толу мерейтойына арналған кезекті «Ұлы Дала кемеңгері – Елбасы және Түркістан» тақырыбындағы көрменің мақсаты – Елбасымыздың елі үшін атқарған қызметі мен рөлін, өз қаламынан шыққан кітаптарын, ой-толғамын насихаттау, кең байтақ жеріміз бен мәдениетімізді төрткүл дүниеге танытудағы ерен істерін өскелең ұрпаққа жеткізу.

tories/00mk.jpg» border=»0″ />

Бұл шараға Түркістан қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, қала қонақтары, музей қызметкерлері мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Түркістандағы тарихи кездесулерінің маңыздылығын жастарға көрсетуді мақсат тұтқан көрмеге қорық-музей қорынан 50-ден аса жәдігер қойылды. Жиында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі директорының міндетін атқарушы Бақытжан Нұрханов құнды жәдігерлердің маңызы мен тәрбиелік мәніне тоқталып, көрменің ашылуымен құттықтай келе, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі жыл сайын Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың еліміз үшін атқарған орасан зор қызметі мен өнегелі ғұмырына арнап көрме өткізуді дәстүрге айналдырып келеді. Бүгінгі күнге дейін «Елі сүйген Елбасы», «Елбасы өнегесі», «Елбасы тағылымы», «Елін сүйген Елбасы» тақырыбында көрмелер өткізілді. Елбасымыздың әрбір сапары мен Түркістанға қатысты ой толғамдары тарих алдында құнды мұралардың бірі» – деді. Сондай-ақ, өзге қатысушы қонақтар да Елбасы және Түркістан жайлы естелік пікірлерімен бөлісті.

«Қызмет – ақпарат»

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика