Әннің қадірі қайда?

Әннің қадірі қайда?

            Қазіргі жастар қоғамында әннің өзгеше  тіпті басқаша стильге ауысқаны белгілі. Қазіргі әннің қадірі қандай? Шетелге қатты еліктеп кеткен жоқпыз ба? Заман талабы ма?Қайдам заман талабы да ән талғауы қажет. Тіпті әнге қазір шектеу де жоқ болып кетті. Екі буын бірігіп ыңылдаған дыбыс шықса болды, ән деп әнші боп жүргендер көбейіп кетті. Әншіні қойып, композиторларда арзандап кетті. Өткендегі « Саз әлеміндегі » « Заман » тобының « Сағынамын сені » атты әнін тыңдап болған баға берушілер мақтады – ай келіп.Сөз соңында әйгілі айтыстың бір кездегі жеңімпазы Ринат Зайытов: «- Сағынамын мен сені, сағынамын сені мен, — деген жолдар әннің бағын ашып тұр » — деді.  Ақынға осы да сөз бе екен. Ринаттың айтқаны осы, қалғанын қоя берші. Осындай құлаққа жағымсыз, не сөзі, не әні жағымды емес әндер көбейіп   қаптап кетті.  Біреулер той бизнес деп, енді біреулер шоу бизнес деп , тек ақша  табу жолын көздеп, әнді табанның астына салуда. Тойға арнап әннің қадірін бір құртсақ, шоу деп жүргендер екінші  құртуда. Ән болсада өз жөні бар – ау. Әнді шығарып жатырмыз, шығырып  жатырмыз  және айтып жатырмыз, бірақ оны кейін еске алып, осындай тамаша ән бар еді — ау   деп айтатын ән тым аз. Ән шығарушылар мен орындаушылар келешекке үлгі  боп қалатындай  дүние жасамай жатыр. Мәңгі жасау дегенді ойлайтындар аз. Мәңгі жасағандар: баяғының Ақан серісі, Балуан Шолағы, Кенен Әзірбаевы, Әнші Әміре, Біржан салы,Шәмші Қалдаяқовы сынды нар тұлғалар. Бұлар мәңгі жасауда. Себебі, олардың әндері нағыз жүректен туған. Қазіргілер жүректі ұмытып кетіп жатады.

            Шоу бизнестегі шетелге еліктеушілер мен той бизнестегі немерем, балам, ұлым, құлыным деп зарлай беретін өтірік сөздер мен әндерден құлағымыз мезі боп шаршадық. Ақша тапқан жақсы, бірақ ұятты ұмытпаған жөн. Әннің қадірін тым арзандатып жіберудің қажеті қанша.

            Өмірден ән болып өткен Ержан Серікбаевтың әндері бір – біріне ұқсағанда жоқ, сөздері әдемі, жағымды, әні тыңдарманды жаулап алды. ОЛ ешқашан әнін қымбат бағаламады, әйтпесе, оның әндері тәп – тәуір ғой. Ол қарапайым күйінде өмірден өтті, дүние жинамады да. Неге осы бізге үлгі болмайды. Әншінің бәрі Шәмші емес дегенді қашан ұғынар екенбіз.

            

                                                                        Үсентаев Жарылқасын «Қызмет» газеті

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика