2024-07-27

Шымкенттегі жаңа нысандар

                                       Шымкенттегі жаңа нысандар

    Шымкенттегі жаңа әкімшілік орталықтың құрылысы бүгінде қарқынды жүргізілуде. 1 қыркүйекте мұнда Назарбаев зияткерлік мектебі пайдалануға берілсе, бүгін облыс үшін маңызды 3 бірдей нысан ашылып отыр. Олар: №3 қалалық емхана, көрме орталығы және облыстық Отырар кітапханасы. Осы 3 нысанды облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың өзі аралап шықты. Облыс әкімі №3 емхананың ашылуымен құттықтап, емхана қызметкерлеріне табысты жұмыс тіледі. Бұл емхана 500 адамға дейін қабылдай алады. №3 емхана жаңа диагностикалық құрал – жабдықтармен, атап айтқанда, сәулелік, функционалдық, эндоскопиялық, биохимиялық, иммунологиялық, диагностикамен қамтылған. Емхана 226 медицина қызметкерлері мен қызмет көрсетуші персоналдарды жаңа жұмыс орнымен қамтып отыр.

     Облыс әкімі Асқар Мырзахметов «Отырар» облыстық  кітапханасының ашылу салтанатында:

— Интернеттің дамып кеткен заманында бізге кітапхана ашудың қажеті қанша деген ой келуі мүмкін кейбір жандарға. Бізге кітапхана өте қажет, кітаптың орны әрқашанда бөлек, ол басты қымбат құндылығымыз, кітаппен әрқашанда дос болу қажет,- деді құттықтау сөзінің соңында. Сәулет өнерінің озық үлгісімен салынған бұл нысан да қаланың ажарын ашып, өзіндік келбетін қалыптастырмақ. Кітапханаға  « Отырар » атауының берілуі – ел тарихын халық санасында жаңғырту болып табылмақ. Кітапхананың құрылысы 2012 жылдың шілдесінде басталып, толығымен аяқталды. Бұл ғимарат облыс қазынасынан қаржыландырылып, 700 млн.теңге жұмсалды. Оқырманның талғамына сай жасақталған ғимаратта 550 мыңнан астам кітап қоры бар  тағы бір облыстық кітапхана жайғаспақ. Жаңадан салынған мәдени кешеннің ерекшелігі – мұндағы залдар техниканың соңғы үлгісімен жабдықталып, дербес электронды ресурстар мен интернет залдары қарастырылған.

    Шаһардың жаңа келбетін айшықтайтын, әрі облыстың бүгінгі даму деңгейіне сәйкес туындап орырған құрылыс – заманауи көрме орталығы. Халықаралық «Shymkent  Agro – 2113» гротехнологиялар көрмесіне бірінші күні Оңтістік Қазақстан облысының әкімі  А. Мырзахметов келді. Ол агроөнеркәсіп кешеніндегі жаңа инновациялық технологиялармен  танысты. Халықаралық «Shymkent  Agro – 2113» агротехнологиялар көрмесінде  Финляндия, Нидерланды, Польша, Бельгия, Турция, Италия, Испания, Россия, Белорусь,Украина, секілді елдерден заманауи ауылшаруашылық жабдықтар мен техникалар, жылыжай және жылыжай  технологиялары, тамшылатып  суару жүйелері, агроөнеркәсіп кешенінде қолданылатын жылуды реттеу және энергия  үнемдеуші технологиялар көрсетілді. Бұл көрме ауылшаруашылық кәсіпорындары мен фермерлерге агроөнеркәсіп кешеніндегі жаңа технологиялармен танысуға және іскери байланыстар орнатуға  мүмкіндік береді. Осындай іс – шаралар жыл сайын өткізіледі деп жоспарланған, бұл кәсіпорындарға, ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне , фермерлерге қаладан шықпай технологияларды зерттеуге , келіссөздер жургізуге, халықаралық алаңда келісімшарттарға қол қоюға үлкен мүмкіншіліктер береді. Басшылықтың ауылшаруашылығын дамытудағы дұрыс бағыты шетелдік компаниялардың назарын тартуда, мысалы голландиялық  Риик Цван компаниясы оқу – техникалық орталығын ашуды, және облыста ауылшаруашылық  техникасын жинақтау өндірісін жоспарлап отыр.

    Ашылып отырған бұл нысандар Шымкенттің ірі мегаполис санатына кірігуі  концепциясы аясында іске асып отырған жобалар болып табылады.

   «Шымкент бұл нысандармен тоқтап қалмайды, алда әлі талай кешендер  соғылып, бұдан да көркейіп, кеңейе түседі» — деді Асқар Мырзахметов.   

                                         tories/2013-10-30_11.38.40.jpg» width=»600″ height=»450″ alt=»2013-10-30_11.38.40″ />

                                  Облыстық «Отырар» кітапханасы                            

                                         tories/dsc_8129.jpg» width=»600″ height=»398″ alt=»dsc_8129″ />

                                 №3 қалалық емхана                сурет shymkent.gov.kz сайтынан алынды                             

                                         tories/dsc_8257.jpg» width=»600″ height=»398″ alt=»dsc_8257″ />

                                 Көрме орталығы                         сурет  shymkent.gov.kz сайтынан алынды

                                                                                                          Үсентаев Жарылқасын «Қызмет» газеті

Яндекс.Метрика