ЦИТАДЕЛЬДЕ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

Шымкенттегі Цитадельдің құрылыс жұмыстары қала әкімі Ерлан Айтахановтың жіті бақылауында. Цитадельге жиі ат басын бұратын шаһар басшысы тиісті мамандарды сонда жинап, бірқатар нақты тапсырмалар берген еді.

tories/04122019-3.jpg» border=»0″ />

«Цитадель қалашығы болашақта туристер мен қала тұрғындарының ең қызықты нысандардың біріне айналуы тиіс. 2020 жылы Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы атанатынын ескерсек, аталған нысандағы археологиялық қазба жұмыстарды өте қарқынды түрде жүргізуіміз керек. Жерасты қаласын аршыған археолог-ғалымдарымыз көптеген тарихи жәдігерлер табуда. Келер жылы болатын айтулы іс-шараларға қазірден бастап сақадай сай болуымыз қажет», — деген болатын Ерлан Қуанышұлы.

Еске сала кетсек, Шымкенттегі ескі қалашық бекінісін қалпына келтіру жұмыстары келесі жылы аяқталады. Цитадель Шымкенттің негізгі туристік орны болады деп күтілуде. Онда 500 орындық амфитеатр, ежелгі мұражай мен галереялар бой көтеріп, қаланың көркіне айналады.

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика