Қала тазалығы үшін жаңа ереже бекітілмек

Қаладағы күнделікті 500-550 тн қоқыс қалдықтары арнаайы полигонға жіберіледі. Аталған полигонның қоқыс сұрыптау зауытында 2019 жылдың 7 айына дейін жиналған жалпы қоқыс 111 592 тоннаны құраса, сұрыпталған қоқыс көлемі 19 632 тоннаға жеткен. Бұл туралы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Алтай Әлі Сембекұлы мәлімдеді.

tories/04122019-999.jpg» border=»0″ />

Қала аумағында ауыз сумен қамтылу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылған. Атап айтар болсақ, қала тұрғындарының 93%, немесе 940,23 мың адам (63 шағын аудан) ауыз суды тәулік бойы тұрақты алуда, қалған 7% суды кестемен ұңғыма және құдық арқылы пайдалануда.

Шымкентте 2019 жылы қала аумағындағы 12 мың шаршы метрге жаяу жүргіншілер жолын жөндеу жоспарлануда. Қаралған қаржы 75,0 млн теңге. Көріктендіру жұмыстары «Біз біргеміз» акциясы аясында жүргізілетін болады. Сонымен қатар, қаладағы мектептер мен әлеуметтік нысандар алдындағы жаяу жүргіншілер жолы мен пандустар құру жұмыстары талапқа сай жүргізілуде.

Шымкент қаласында 2019 жылы 4 аудан аумағындағы 14 елді мекенге 160 аялдама орнату жұмыстары жоспарланып, 76,8 млн теңге игерілген. Қаралған қаржы Абай ауданына – 48, Әл-Фараби ауданына – 25, Еңбекші ауданына – 34, Қаратау ауданына – 53 аялдама орнатылған.

–Алдағы уақытта қала тазалығы бойынша жауапты мекемелер мен қала тұрғындары үшін арнайы ереже бекітуді жоспарлап отырмыз. Қоршаған ортаны таза ұстауды тек бір тарапқа жүктеп қоятын болсақ, олқылықтар көбейе бермек. Сондықтан да жауапты мекемелер, тасымалдаушылар және тұрғындармен бірлесе кешенді жұмыс жасасақ қаламыз бұдан да таза әрі абат болар еді, — деді басқарма басшысы Алтай Сембекұлы.

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика