Балалар үйіндегі «Ризашылық» қайырымдылық фестивалі

Шымкент қалалық Полиция департаментінің қамқорлығындағы Сайрам №4 балалар үйінде «Ризашылық» қайырымдылық фестивалі өтті. Бұл «Ризашылық» мерекесін атап өту дәстүрге айналған.

tories/05122019-2.jpg» border=»0″ />

Мерекелік шараға Шымкент қаласы Полиция департаментінің басшылығы мен қоғам белсенділері қатысып, балалардың қуанышымен бөлісті. Іс-шара барысында Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Е.Жумаханбетов жиналған қауымды ризашылық білдіру күнімен құттықтап, өз алғысын білдірді. Балалар да өз кезегінде қаланың бас полицейіне ризашылығын білдіріп, оған арнайы дайындаған музыкалық нөмір қойды.

Сондай-ақ, мерекелік кеште №4 балалар үйінің арнайы дайындаған өнерлі жастарының орындауындағы әсем ән-жырлар кештің көркін келтіріп, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Шымкент қалалық ПД-нің Баспасөз қызметі

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика