2024-07-27

Оңтүстіктің туристік әлеуетін ақпараттық тұрғыдан таныту – басты міндет

       ОҚО әкімі А.Мырзахметовтың төрағалығымен өткен мәжілісте облыстық туризм басқармасының басшысы P.Жолдас 2013 жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп тапсырды. Басқарма басшысының айтуынша, атқарылған жұмыстар тарихи-танымдық, экологиялық және емдеу-сауықтыру туризмін дамытуға бағытталған. Осы мақсатта өңірдегі туристік қызмет көрсететін нысандарға сараптама жүргізіліп, туризм саласын дамытудың паспорты әзірленген. 
      Туристік инфрақұрылымды дамытуда «Батыс Еуропа–Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің маңызы зор болмақ. Осы жол бойынан жолаушыларға қызмет көрсететін 4 сервистік қызмет көрсету кешендерін салу жоспарланып отыр. 
      Облыстағы туризм саласында құрылысы жоспарланған ең ірі кешен — Төлеби ауданындағы «Қасқасу туристік – рекреациялық кешені». Оның инженерлік-коммуникациялық желілерін салу жобасының презентациясы инвесторлардың қатысуымен өткізілді, нәтижесінде «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында қаржыландыру туралы шешім қабылданып, республикалық бюджеттік комиссияның қарауына енгізілуде. 
Сонымен қатар, облыс бойынша жеке инвесторлар есебінен емдік-сауықтыру орындары мен демалыс ай-мақтары салынып, келген қонақтарға қызмет көрсетуде. Мәселен, Төлеби ауданында «Жерұйық», «Ривера» демалыс аймақтары, Шымкент қаласында 64 орынға лайықталған «Қайнар» қонақ үйі, Сарыағаш ауданында «Айша Бибі» шипажайы іске қосылды. Ал Шымкент қаласында «Визиторс конвешн» орталығы ашылып, лизингке туристік автобус алу мәселесі жөнінен «Мак-симум» АИО» ЖШС-мен келіссөздер жүргізілуде. 
       Экологиялық туризм бағытында «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі», «Ақсу-Жабағылы», «Қаратау» мемлекеттік табиғи қорықтарымен бірлесе жұмыстар атқарылып, ерекше қорғалатын аймақтарда 17 туристік бағыт, 13 экосоқпақтар бойынша туристерге қызмет көрсетуде. 
       Басқарманың есеп беру мәжілісін қорытындылаған облыс басшысы А.Мырзахметов Түркістанға келетін туристердің саны жылына 600 мың адамнан асатынын мысалға келтіре отырып, өңірімізге келетін туристердің санын, оның ішінде шетелдіктердің, ТМД елдерінен келетіндердің, республиканың өзге өңірлерінен сапарлап келетіндердің, облыс ішіндегі ішкі туристердің үлесін жіктеп, тұрақты мониторинг жасап отыру тетіктерін анықтау керектігіне айрықша тоқталды. Туристерді есепке алудың тиімді жобасын әзірлеуді тапсырды. Бюджетке түсетін табыстарды нақты біліп, соған байланысты алдағы атқаратын шаруаларды белгілеп отыруымыз керектігіне назар аударды. Облыстың өзіндік ішкі туризмін дамытуға бағытталған пәрменді шаралар атқарылуы керектігін қадап айтқан өңір бас-шысы, аудан, қалаларда ашылған жас туристер стансаларының жұмысын тиімді ұйымдастыру бойынша нақты шаралар атқаруды жүктеді. Қолда бар мүмкіндік-терді, әсіресе интернет технологияларын тиімді пайда-ланып, облыстың туристік әлеуетін ақпараттық тұрғыдан таныту басты мәселе екендігін назарға алды. Тиісті сала басшыларына әлемнің жетекші туристік сайттарымен on line режимде тығыз байланыс орнатып, оларда өңіріміздің туристік мүмкіндіктері жөнінде ақпараттық материалдар мен бейнероликтер орнатуды тапсырды. Сонымен қатар, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізі бойынан жер учас-келерін бөлу кезінде ұстанатын арнайы талаптар қойы-латындығын мәлімдеп, аймақтарда салынуы тиіс туристік нысандардың құрылысы айрықша бақылауға алынатынын хабарлады. 
ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі.
Яндекс.Метрика