Орыстар колбасасын қазыға айырбастап жатыр

       Қазыны экспортқа шығару арқылы, ұлттық брендімізге айналдыру жайы сөз болғанда кейбір елдердің жылқы етін жемейтіні, ал бұл қазының кең тарауына кедергі келтіретіні көпшіліктің басты сылтауы болған еді. Әйтсе де қазақтың қазысына деген құштарлықтың жоғары екені байқалады.

tories/qq11.jpg» width=»270″ height=»181″ alt=»qq11″ style=»float: right;» />       Соның айғағы еліміздегі «Бақара» ет комбинаты биылғы жылы Мәскеу нарығына 200 тонна қазы жеткізуді жоспарлап отыр. Тек қаңтар айында Мәскеуге 15 тонна қазы қарта жеткізген еліміздің кәсіпкерлері қазыға деген сұраныстың өте жоғары екенін айтады. Алғашқы жылы мәскеуліктер 35 тонна қазыға тапсырыс берсе, биылғы жылы бұл сұраныс 200 тоннаға бір-ақ өскен. Демек қазыны брендімізге айналдырудан, нағыз табиғи өнімімізді шекара асырып кез-келген елге ұялмай көрсетуден ұтпасақ ұтылмаймыз, деп жазады alashainasy.kz.Оған қоса, қазы — нағыз олимпиаданың асы. Соңғы кездері үлкен спорттық додалар кезінде қазақтың қазы-қартасын спортшылардың ас мәзіріне енгізіп, өздерімен бірге ала кетуі әдетке айналды. Қай бір жылы бірнеше дүркін чемпионымыз зілтемірші Илья Илин де қазының бойына ерекше күш қуат беретінін, чемпиондығының құпиясы да қазыда екенін жасырмай, мақтанышпен айтқан еді. Демек спортшыларымызға қуат беріп, күшіне күш қосатын қазының даңқын асыра білсек халқымыздың да мақтанышына айналар нағыз ас! Сондықтан қазының қадіріне жететін кез жеткен секілді.

ҚазАқпарат.

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика