АВТОБУС БАҒЫТЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА

Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына қарасты «Диспетчерлік қызмет орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі наурызда құрылған, содан бері жұмыс істеп келеді.  Мекеме құрылғаннан бастап қаладағы жолаушылар тасымалының инфрақұрылымындағы жаңарту мен күрделі өзгерістерге байланысты қалалық маршрутардың қозғалысының жобалары және жүру сызбалары дайындаумен айналысады.
Қаладағы жол саласындағы ауқымды құрылыстардың масштабын ескере отыра,  осы күнге дейін 1000-ға жуық маршрут қозғалысының кестелері құрылған.
Жалпы, мемлекеттік мекеме кызметінің мәні шаһардағы қоғамдық көліктерге диспетчерлік қызмет көрсету, кестені сақталуын үздіксіз бақылау және маршруттар бойынша автобустардың және шағын автобустардың қалаларда, қала маңындағы үздіксіз және тұрақты қозғалысың қамтамасыз ету үшін жедел реттеу, сондай-ақ технологиялық процестегі көліктің барлық түрлерімен жолаушылар тасымалдауды үйлестіру болып табылады.
Аталған мекеменің тағы бір қызметі ол — диспетчеризация. Диспетчерлік бақылау жұмыстары толық автоматты басқару жүйесі арқылы іске асырылады. Операторлар қоғамдық коліктерде орнатылған GPS-құрылғылар арқылы нақты уақыт режимде үздіксіз берілетін ақпарат арқылы көліктердің бекітілген сызба бойынша жүруін, сызбадан тыс шығуы, GPS-құрылғыларының дұрыс жұмыс жасамауы секілді жағдайларды бақылайды.
Егер автобус жүргізушісі жол ережесін бұзған жағдайда, Диспетчерлік қызмет орталығы тарапынан басқармамен бірлесе қатаң шара қолданылады. Бұл қоғамдық көлік саласыны жолаушыларды тасымалдау қызметін жақсарту мақсатында жасалып жатқан шаралар.
Шымкент қаласы бойынша бүгінгі таңда 1000 қоғамдық көлік бар. Оның ішінде 876 автобус жолаушыларды тасымалдап жүрсе, қалғаны резервте тұрады. Жалпы, шаһарда жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын 10 көлік компаниясы бар. Олар: «Shymkent-Bus», «T-Bus», «Автоимпульс», «MAN-Оңтүстік», «М и Р и Со», «ТТК», «Радуга транспорт», «Санжар-Моторс», «Абдуганиев» және «Автокомбинат №4».

Related Posts

Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика