ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІНІҢ 60 ПАЙЫЗЫ ТАЛАПҚА САЙ КЕЛМЕЙДІ

Жол активтері Ұлттық сапа орталығы мен Шымкент қалалық Полиция департаментінің мамандары  облыс көлеміндегі жол сапасын анықтау мақсатында арнайы рейттік іс-шара жүргізген болатын.

Облыстық маңызы бар жолдардың ұзындығы 4152 шақырым болса, Республикалық маңызы бар жолдың ұзындығы 801 шақырымды, ал аудан көлеміндегі жолдардың ұзындығы 1643 шақырымды құрайды. Осы жолдарға жүргізген мониторинг жол белгілерінің сапасын  ретрорефлектометрмен анықтап, республикалық жол белгісінің 20 түріне сынама жүргізіп, оның 12-сі стандартқа сай еместігі анықталды. Бұл дегеніміз 60% жол белгілері талапқа сай келмейді деген сөз. Зерттеу нәтижесінде, жолдағы белгілер мен  таңбалардың жарық қайтару қабілеті  көңіл көншітпейді. 

Жол белгілерінің көрінбеуі, сапасының сын көтермеуі жол көлік оқиғасының орнауына алып келуі әбден мүмкін. Сондықтан да жол белгілерінің сапасын жақсарту үшін  анықталған кемшіліктері бар жол белгілерін  стандартқа сәйкес ауысатын болды.  Тағы да айта кету керек, жол құрылысына жауапты мекеме басшылары белгілерді жаңартуға міндетті боп табылды.

Ағымдағы жылдың 10 айында облысымыздағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентті мен Жол активтері Ұлттық сапа орталығы бірлесе отырып салынып жатқан асфальттардың талаптарын тексерген болатын. Нәтижесінде  98 кемшілік анықталды. Оның 75-і дер кезінде түзетілді.  Ал, екі факті бойынша іс қозғалып, сот шешімі шыққан.

                             Ақбөпе ЕРГЕШ

  • Related Posts

    TikTok, Instagram, Youtube қашан қазақша сөйлейді немесе Z ұрпағы үшін қазақ тілін трендке айналдыру жолдары

    TikTok, Instagram, YouTube сияқты желілер тек көңіл көтеру құралы ғана емес, қоғамдық пікірді қалыптастыратын, мәдени, рухани бағыт-бағдар беретін күшке айналғалы қашан. Бұл платформалар қазіргі таңда тіл саясатына әсер ететін ықпалды…

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика