2024-09-20

«Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі есеп берді

Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобасы аясында жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру жөніндегі тәжірибені өңірлерге таратуды тапсырған болатын. Аталған тапсырманы жүзеге асыру үшін құрылған «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Е.Төлебаев биылғы 1-ші тоқсанның қорытындысымен атқарған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы арнайы ұйымдастырған баспасөз брифингінде баяндама жасады.

tories/00al.jpg» border=»0″ />

«Болашақ» бағдарламасының түлектері қауымдастығының Шымкент қаласындағы төрағасы, Оңтүстік Қазақстан Медицина академиясының оқытушысы, әрі аталған кеңсенің басшысы Е.Төлебаевтың айтуынша, Кеңсе тұрмыстық сыйбайлас жемқорлықты жою, азаматтардың өміріне қолайлы жағдай жасау, азаматтық қоғам және мемлекеттік органдармен белсенді ынтымастастықты мақсат етіп отыр.

Кеңсе биылғы 1-ші тоқсанда мемелекеттік органдармен бірлесіп бірнеше жобалар құрып, біршама жұмыстар атқарған. Атап айтқанда:

«Ashyq saulet» жобасы іске қосылып, 12 мемлекеттік қызмет цифрландырылған. Нәтижесінде тұрғындардың өтініштері онлайн қабылдануға  көшкен;

«Sankur Shymkent» жобасы арқылы тұрғындардың әлеуметтік осал топтарына арналған шипажайлық-курорттық емделуге электронды кезек жүйесін қосу бойынша оңтайландыру және автоматтандыру жұмыстары жүргізілуде;

«Mektepke jardem» жобасын іске асыру үшін қалалық білім басқармасымен бірлесіп, қаладағы мектептерде демеушілік көмек пен меценаттыққа арналған «электронды платформаның» процедурасы әзірлену үстінде;

«Smart parking»  жобасымен қалалық бірыңғай тұрақ кеңістігін құру және автотұрақтардың қолжетімділігі мәселелерін шешу жоспарланған. Қазірдің өзінде 5 «ақылды» тұрақ жұмыс істеуін бастаса, олардың қатарына апта сайын 2 тұрақтан қосылуда;

Қала кәсіпкерлеріне «бір терезе» әдісі бойынша қызметтер көрсететін «Бизнес супермаркет» ашу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұл жоба 15 сәуірде іске қосылатын болады;

Жергілікті атқарушы органдардың жұмысына қазіргі заманғы технология  «Open space» қағидаты бойынша орналастыру тәсілі іске асырылмақ. Қазірдің өзінде қалалық әкімдіктің 5 басқармасы осы тәсілге көше бастады.

«Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, №3А үйдегі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қалалық департаментінің ғимаратында орналасқан. Қала тұғындарын бірлесіп жұмыс істеуге шақырады.

«Қызмет» ақпарат

Фото С.Косаевтікі

Яндекс.Метрика