Геннадий Головкин, Криштиану Роналду, Роджер Федерер — «Жылдың үздік спортшылары»

tories/photo_10309.jpg» width=»300″ height=»169″ alt=»photo_10309″ style=»float: left;» />

       ҚазАқпарат — Американың танымал Grantland сайты жылдың ең үздік спортшыларын  атады, деп хабарлайды sports.kz сайты.
       Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин бұл тізімде Роджер Федерер,  Криштиану Роналду, Александр Овечкин сынды атақты спортшылармен бір қатарда тұр.
 Қарағандылық бокс мектебінің түлегі жайында Grantland сайтының шолушысы Раф  Бартоломью былай жазыпты:
       «Мойындау қиын, бірақ Головкин туралы жазуға сөзім таусылды. Орташа салмақтағы  чемпионат жөнінде 15 айдың ішінде 4 рет жазыппын және Головкиннің өршілдігін,  жойқын-жойқын соққылары мен қарсыласының шегінерге жолын жауып тастайтын аяусыз аяқ қимылын суреттейтін эпитеттерді табу қиын болып барады. Қарсыласын төпелеп тастағаннан кейін, оларды «жақсы жігіт» деп атауы туралы мен бұрындары қалжыңдаған болатынмын. Сонымен қатар оның құдды бір кілем дүкеніне иелік ететін династияның мұрагері сияқты рингке алтынмен кестеленген кілемді алып шығуы туралы да айтқанмын. Оны жыл атлеті ететіні де осы. Ол 2013 жылы 4 кездесуде 4 нокаут жасағанымен, ол жыл боксшысы емес. Өзге боксшылар бұдан да үлкен рингтерде, одан күшті қарсыластарды құлатып жатты. Бірақ Головкин менің назарымды бір жылға ұрлап алған атлет болды. Мен оның жекпе-жектерін көру үшін әдейі өз күнтізбемді тазарттым. Мені бір бума мақала жазуға итермелеген боксшының болашақ-тағы жекпе-жектерін көруге асықпын. Осындай атлетті табу — мен үшін қызық. Оның кездесулері әсерлі, тартымды болғаны соншалық, Головкин жөнінде жаза бергің келеді, айта бергің келеді».
  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика