2024-09-22

КӨКШЕТАУ ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНА МӘЛІК ҒАБДУЛЛИННІҢ ЕСІМІ БЕРІЛДІ

Ортамызда күнделікті күйбең тірліктің таразысын туралап отыратын жүрегі жылуға толы адамдар саны аз емес. Олар күнделікті қызметте ерлік жасап жүрседе қарапайымдылығымен ерекше. Тек сондай қарапайым адамдарды қаһарман ететін өжетке толы өзегі мен қайратқа толы қызметі. Олардың бірі-өрт сөндіруші-құтқарушылар. Тыныш тірліктің тынысын қамтамасыз ететін бүгінгінің қаһармандарының  ерлікке толы еңбегі де әркімнің қолынан келе бермейді.

Ал осы өрт сөндірушілерді даярлайтын еліміздегі жалғыз оқу орны-Көкшетау техникалық институтына бүгінде Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясы мәртебесі берілді. Аталған оқу орны 1973 жылдан бері төтенше жағдай мамандарын дайындап келеді.

Осы жылы Алматы қаласынан Көкшетауға Қазақ КСР ІІМ басқармасының әскерилендірілген өрт күзетінің оқу жасағы көшіріледі. Кейін өрт күзетінің кіші және орта басшы құрамын даярлау және қайта даярлау мектебіне, кейін ҚР ІІМ Алматы өрт-техникалық училищесінің Көкшетау филиалына айналды. 1999 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің Көкшетау техникалық институты болып қайта аталды. Ал, 2004 жылдың 29 қыркүйегінен бастап ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институты болып тіркелді. «Бүгінгі күні институт 4 білім беру бағдарламасы бойынша білікті мамандарды даярлайды: «Өрт қауіпсіздігі», «Төтенше жағдайларда қорғау», «Азаматтық қорғаныс күштерінің командалық тактикалық құтқару ісі» және «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару ісі». Институтта күндізгі, қашықтықтан оқыту, қосымша білім беру және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеттері жұмыс істейді.

Институт тарихында бүгінгі күнге дейін 5000-нан астам маман даярлағанын атап өткен жөн.

Барша жастарды қайсар мамандық иесі атану үшін Мәлік Ғабдуллин  атындағы Азаматтық қорғау академиясына оқуға шақырамыз. 

Қ. Арсланов

Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика