2024-09-21

Ең басты мақсат – халықтың сенімін ақтау

Ең алдымен, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінде жолдаған  «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауының атауының өзі айтып тұрғандай, елімізде қазіргі таңда сын көп. Сол сынды ести білетін мемлекет құруға атсалысу керек. Еліміздің мемлекеттік қызметте жүрген әрбір азаматы  халықтың үнін тыңдай білуі қажет.

tories/08122019-4.jpg» border=»0″ />

Өздеріңіз көріп, байқап жүргендей, қазіргі таңда барлық жерде қоғамдық қабылдаулар белсенді жүргізілуде. Мониторингтік топтар құрылған. Олар  халықтың кез келген арыз-шағымын дер кезінде шешу, өтініштерді қарау, оның шешілуін тікелей бақылау, белгілі бір мерзімде халықпен кері байланыс орнату сынды жұмыстар  атқаруда. Тәуелсіз, демократиялық мемлекет болғандықтан, мұнда сын да айтылып, мін де тағылады. Сынды орынды, орынсыз деп бөліп қарай алмаймыз. Себебі, мемлекеттік мекемеге келіп түскен кез келген арыз-шағым, ұсыныс, өтініштерді тыңдап, жүйеге келтіріп, шешілу жолын қарастыру, түсіндіру жұмыстарын жүргізу –  біздің  негізгі  міндеттеріміздің бірі.

Қоғамдағы түрлі өзекті мәселе бойынша ішкі саясат басқармасының тарапынан қоғамдық форумдар, «дөңгелек үстел» мәжілістерін, жиындарын, кездесулер, ашық есік күндерін, қабылдаулар өткізудеміз. Мұның бәрі еститін мемлекетті қалыптастыру бағытындағы атқарылып жатқан  игі жұмыстар. Мемлекетіміздің өркендеп, дамуы ең алдымен саяси  қоғамдық тұрақтылыққа байланысты. «Оңтүстік» телеарнасынан «Сындарлы қоғамдық диалог» деп арнайы қоғамдағы өзекті мәселелерді саралап, талдайтын шоу бағдарлама аштық. Онда осы мәселелерді қозғап жүрген азаматтарды және де сол салаға қатысты мемлекеттік қызметкерлерді шақырамыз. Мұнда бір-біріне ұсынысын, арыз-шағымын ашып айтып, талқылап, шешімін шығарады. Басқарма мәселе шешімін тауып, нәтижесін бергенше бақылауда ұстайды.  Аталған бағдарлама аптасына екі рет жүргізіледі. Сонымен қатар әлеуметтік желіде мониторинг жүргіземіз. Ең басты мақсат – халықтың сенімін ақтау, қоғамдық резонанс тудыратын мәселенің алдын алу болып табылады.

Өңірлік баспасөз құралдары мемлекеттің ақпараттық саясатын жүзеге асыруда, аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жобалар, атқарылып жатқан игілікті істер жайында өңір тұрғындарына ғана емес, респуб­лика жұртшылығын да хабардар етіп келеді. Осы орайда журналистердің еңбегін мемлекет тарапынан бағалау мен көтермелеу мақсатында арнайы марапаттаулар, түрлі байқаулар, спартакиадалар, семинарлар ұйымдастырылып келеді. Дәстүрімізге сәйкес, биыл да байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай көптеген іс-шаралар өтілді. Мұның барлығы өңірдегі баспасөздің кеңінен қанат жаюына, сондай-ақ төртінші билік өкілдеріне көрсетіліп жатқан қолдау деп түсінгеніміз абзал. Иә, мониторинг жүргізіледі. Бұл жағдайда көңіл көншітпейтін тұстары – кейбір адамдар болады мәселенің түп төркінін, анық-қанығын білмей, оңды – солды жаза беретін. Алайда біз ондай азаматтарға, мейлі ол  бірнеше  рет жазса да, сонша  рет құрметпен, сыймен жауап береміз. «Бұл адам жаза береді екен», – деп жауап бермей, шеттете алмаймыз. Мәселен, шешілетін, шешілмейтін, қаржыны талап ететін, дәл сол мезетте шешілмей, уақытты қажет ететін мәселелер туындауы мүмкін. Олар үлкен жоспарды, құрылысты, инфрақұрылымдар, газ, жарық, жер сынды заңдастыруды қажет ететін жұмыстар болады. Соның бәрін сала мамандарымен бірге отырып түсіндіреміз.

Жанар БЕКТАЕВА

Шымкент қаласы Ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы

Дереккөз: adilettv.kz

Яндекс.Метрика