Е.АЙТАХАНОВ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қала басшысының қабылдауына келген тұрғындар жұмыспен қамту, әлеуметтік жәрдемақы алу, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі туралы мәселені көтерсе, енді бірі баспанамен қамту, кәріз жүйесі, көше атауы, жол, газ, жарык мәселелерін айтты.

tories/09122019-2.jpg» border=»0″ />

Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарына жауап бере отырып, Ерлан Қуанышұлы тұрғын үйлер мемлекеттік тұрғын үй қорынан тек өз кезегімен берілетінін айтып, оларды «Бақытты отбасы», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларына қатысуға шақырды. Сонымен қатар, коммуналды проблемалар рет-ретімен шешілетінін жеткізді.

Жеке қабылдауға келген әр тұрғынның мәселесі өзінің назарында болатынын айтқан шаһар басшысы сала жетекшілеріне көтерілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика