2024-09-21

Театр өнері жөніндегі көркемдік кеңестің отырысы өтті

Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы көркемдік кеңестің отырысы өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов, Қазақстан театрлар ассоциациясының президенті Асанәлі Әшімов, Қазақстан театр қайраткерлері одағының төрағасы Тұңғышбай Жаманқұлов, Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Күміс Сейітова, еліміздің барлық өңірінен келген 50-ден астам театрдың басшылары, көркемдік жетекшілері, зиялы қауым өкілдері қатысты.

tories/09122019-6.jpg» border=»0″ />

Жиында қазіргі драматургияның жай-күйі, жергілікті жерлердегі халық театрларының ахуалы, театр мамандарының біліктілігін арттыру курстарын жандандыру, ЖОО маман даярлау, көркемдік кеңестің талқылауына ұсынылған пьесаларды сараптау, театр өнері саласына қатысты әр түрлі мәселелер талқыланды. Аталған бас қосуға Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театрының атынан директор орынбасары Оразметов Марат Өмірханұлы және әдебиет бөлімінің меңгерушісі Мақсат Жарылқасын Баймуханбетұлы қатысты.

Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театрының фейсбук парақшасы

Яндекс.Метрика