Қар құрсауында қалғандар құтқарылды

Табиғаттың тосын мінезі түркістандықтарды біраз әбігерге салды. Ат құлағы көрінбейтін боранда асулар жабылып, жолаушылардың жүріп-тұрулары қиынға соқты. Созақ ауданы Одаманбұлақ асуындағы ауа райының күрт нашарлауына байланысты, қар құрсауында қалып қойған 12 жолаушы мен 6 автокөлік қауіпсіз жерге жеткізілді.

23 қаңтар күні жолда қалғандарға Шымкент қаласы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастағының орынбасары, азаматтық қорғау аға лейтенанты Бақытжан Маусымбекұлы Кулумбаевтың басшылық жасауымен Шымкент қаласынан 1 техника мен 4 қызметкер көмекке келді. Олар ауа райының қолайсыздығына қарамастан, асуда қалған адамдарды алып шығып  Бәйдібек ауданының орталығы Шаян елді мекеніндегі бекетке орналастырды.

Жығылғанға жұдырық болған желдің ұйытқуы, бұрқасын дауылға әкеліп соқтырды. Қауіпке қарамастан адам өміріне араша түскен құтқарушыларға, жолаушылардың алғыстан басқа айтарлары жоқ. Берілген бұйрықты, бұлжытпай орындаған қызметкерлеріне басшылық та риза.

Осы орайда, Шымкент қаласы мен Түркістан облысының тұрғындарынан төтеншеліктер ауа райының қолайсыз күндері жолға шықпауларын ескертеді. Егер, жолда қалған жағдайда «112» нөміріне хабарласыңыз.

Е. Дүйсебаев

Шымкент қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі

  • Related Posts

    TikTok, Instagram, Youtube қашан қазақша сөйлейді немесе Z ұрпағы үшін қазақ тілін трендке айналдыру жолдары

    TikTok, Instagram, YouTube сияқты желілер тек көңіл көтеру құралы ғана емес, қоғамдық пікірді қалыптастыратын, мәдени, рухани бағыт-бағдар беретін күшке айналғалы қашан. Бұл платформалар қазіргі таңда тіл саясатына әсер ететін ықпалды…

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика