ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ ДЕГЕН НЕ?

Еліміздегі қылмыстық-атқару жүйесіне пробация қызметінің енгізілгеніне көп бола қойған жоқ. Дегенмен, әлемдік тәжірибеде қолданылатын бұл қызмет шетелдерде бірнеше бағыттан тұратын үлкен жүйеге айналған.

Жалпылай айтсақ, бұл қызметтің мақсаты: шартты түрде бас бостандығы шектелген және шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар мен сот қаулысымен әкімшілік қадағалау орнатылған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсету.

«Пробация» сөзі, қазақшаға аударғанда «сынау», «байқау» деген мағынаны білдіреді. Яғни, сынаудың негізі – адамның қылмыс жасағанына қарамастан, оның түрмеге отырмауына мүмкіндік беру.

Пробация қызметінің негізгі бағыттары: қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес, жазаларға, сотталғандарға білім алып, кәсіп меңгеріп, жұмысқа орналасуына ықпал жасап, ауырып қалса дәрігерлік көмек көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады. Әлеуметтік-құқықтық көмек сотты болған азаматтардың әрқайсысына қажеттілігіне байланысты көрсетіледі. Пробациялық қызметке жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес ұйымдар жәрдемдеседі.

 

Мадина САРЫБАЕВА

Шымкент қалалық пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы, әділет капитаны

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика