ЖОЛ АПАТЫНА КІНӘЛІ ТАНЫМАЛ АДАМДАРДЫҢ БАЛАЛАРЫН ҚАТАҢ ЖАЗАЛАУ ҚАЖЕТ

tories/402a5cff09ca970cb648a2d3b18d396b.jpg» width=»250″ height=»163″ alt=»402a5cff09ca970cb648a2d3b18d396b» style=»float: right;» />

       Baq.kz — Жол апатына кінәлі танымал адамдардың балаларын қатаң жазалау қажет. Бұл туралы  Алматы қаласының дамуына арналған кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
       Криминогендік ахуалға тоқталған Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, қалада 53 мың қылмыс тіркеліп, оның 80 пайызы ашылады. Бұл ретте жасөспірімдер арасындағы қылмыстың артып отырғандығы байқалады. Осыған орай әкімдіктің өтінішімен ішкі істер департаментінің штат саны ұлғайтылды. Дегенмен әлі күнге 500 орын бос тұр.
       Сонымен қатар Президент Алматы тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қатаң тапсырды. Елбасы жол-көлік оқиғаларына да баса назар аударып, олардың саны 3 есеге артып, 7000 оқиға дейін жеткеніне баса назар аударды.
       «Бұл ретте жол-көлік апаты танымал адамдардың балаларының және туыстарының қатысуымен орын алатындығы жайында фактілердің аз еместігіне назар аудару қажет. Заң алдында барлығы да бірдей. Сондықтан да бұл жағдайларда балаларды да, ата-аналарды да қатаң жазалау қажет», — деді Елбасы. 
  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика