2024-09-21

«Ең, ең, ең» ауданда 2020 жылы топырақ жол қалмайды

tories/12112019-1.jpg» border=»0″ />

Бүгін  Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Ғ.Төлепов 2019 жылдың алғашқы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші мен мемлекеттік бағдарламаларының орындалуы бойынша баспасөз өкілдері алдында есеп берді. Абай ауданында 322,911 мың адам тұратын болса, ол жалпы қала халқының 32 пайызын құрайды. Жер аумағы бойынша да (49,704 мың шаршы шақырым) қаладағы ең үлкен, сәйкесінше мәселелері де ең көп. «Ең, ең, ең…» ауданды басқарып отырған Ғалымжан Әнуарұлы бүй дейді:

Аудан аумағында елді мекендер саны 34, оның ішінде ауыз сумен қамтылғаны — 24 (76,5%), 10 елді мекен 16 827 үй, (23,5%) құдық және тасымалды ауыз суларын пайдаланады. Ауыз су жоқ Ақжар, Айкөл елді мекендеріне «СодбиСтрой» мекемесінің көмегімен ауыз су жүйелері тартылып, 2019-2020 жылдары халыққа  пайдалануға тапсыру жоспарлануда.

— Жаңаталап аумағына  магистралды су жүйесін тартуға  «Лидер Строй Проект-2002» мекемесі айналысатын болады. Жоба құны 424,7 млн. теңге. Құрылыс жұмыстарын бастау 2020 жылға жоспарланған.

— Жаңаталап, Қызылжар, Игілік, Тәуелсіздікке 20 жыл, Көкбұлақ тұрғын алабтарына 2020 жылы 3 707 үйге  ауыз су жүйесін жүргізу жоспарлануда.  Жоба құны 2 млрд. 168 млн. теңге.

Осы 5 елді мекендердің ауыз су жүйесіне қосылған жағдайда, елді мекендер саны 29 жетіп, ол  81,7 % құрайды.

— Ақтас, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Батыс  елді мекендеріндегі 11 120 тұрғын үйге ауыз су жүйесін тартуға қалалық энергетика  коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан жоба  дайындалуда. Жобаға қаралған қаржы көлемі 86,1 млн. теңгені құрайды.

Аудан аумағында 24 елді мекендер (78,3%) мемлекеттік электр жарығымен қамтылған болса, 10 елді мекен (21,7%) жеке меншік трансформатордың жарығын пайдаланады. Ауданда халыққа қызмет көрсететін трансформаторлар саны — 150 оның ішінде: мемлекеттік -113,  жеке меншік — 37.

Электр жарығының тарифі-15,72 теңге, жеке меншік электр жүйесіндегі жарықтың сапасы төмен, электр желілері мен бағаналар ескірген, жиі өшу фактілері орын алуда. Тариф бағасы 22-28 теңге аралығында.

— Құрсай, Самал-3 шағын ауданы аумақтарындағы 7112 үй электр жүйесімен қамтамасыз ету үшін, “Электромонтаж” мекемесі құрылыс   жұмыстарын жүргізуде. Нысанның аяқталу мерзімі 2019-2020 жылдарға жоспарлануда.  Осы жаңа электр жүйелері пайдалауға берілген жағдайда 88,3 % құрайды.

— Ақтас-2, Солтүстік саяжай, Батыс, Ынтымақ-2, Ақжар, Айкөл, Жаңаталап, Игілік, Тәуелсіздікке 20 жыл  елді мекендеріндегі 13 547  тұрғын үйлерге жаңа электр жүйелерін жүргізуге жобалық-сметалық құжаттарын қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының тапсырысымен дайындалуда.

34 елді мекеннің 24 елді мекендер (72,9%) табиғи газ жүйесімен қамтылған. 10 елді мекен көмір отынын пайдаланады. Аталған елді мекендерде 250-300 мың теңге көлемінде қаржы жинап, тұрғындар жеке меншік газ жүйелерін тартып алған.  (1 м3 газдың тарифі — 34,47 теңге)

— Алтынтөбе тұрғын алабындағы 218 үйге «Жылу строй Ремонт» мекемесі 2019 жылы  газ тарту жұмыстарын бастап, 2020 жылы аяқтауды  жоспарлауда. Жобаның құны-113,1 млн.теңге.

— Көкбұлақ тұрғын алабындағы 312 тұрғын үйлерді табиғи газ тарту жұмыстарына  қамтамасыз ету мақсатында  «Марк Гарант”мекемесі  жобалық-сметалық құжаттарын дайындауда. Жобаға қаралған қаржы көлемі 12,6 млн.теңге.

— Ынтымақ-2, Солтүстік саяжай, Ақтас шағын ауданы, Тәуелсіздікке 20 жыл,  Арғымақ,  Айкөл,  Ақтас, Құрсай  елді мекендерін (12 683 үй) табиғи газ жүйесімен қамтамасыз ету үшін ЖСҚ дайындауға қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына ұсыныс берілген.

Аудан бойынша тұрғындардың кәріз жүйесімен 34,6% қамтылған.

2018 жылы аудан аумағындағы Самал-1, Самал-2, Солтүстік батыс шағын аудандарына орталық кәріз жүйелері жүргізілген болатын. (9043 үй, 124,2 шақырым)

Самал-1, Самал-2 және Солтүстік Батыс шағын ауданындағы  абоненттерді орталық кәріз жүйесіне қосу жұмыстары «Үшсай», «Сарыағаш-Аман»,  «Шебер-2»  мекемелеріне жүктеліп, 2020 жылы  басталады.  Жобаның құны — 2 897,59 млн.теңге.

—  Самал-3 шағын ауданындағы 6072 үйге кәріз жүйесін тарту үшін, «Бахыт АБК» мекемесі жобалық сметалық құжаттамаларын дайындауда. Жобаның құны 17,9 млн. теңге, 2019 жылға қаралған қаржы 11,6 млн.теңге.

Кәріз жүйесі іске қосылған жағдайда, 43% көтерілетін болады.

— Қызылжар тұрғын алабындағы «Шымкент құс»АҚ кәріз жүйесін қалпына келтіру және тазалау қондырғысын орнату; 14 елді мекенге жоба дайындауға ұсыныс берілген.

Аудан аумағындағы көшелер саны-1025, оның ішінде асфальт жол — 545 (53,2 %) 581,4 шақырым (57,4%); тас жол — 377 көше (36,8 %); 373,65 шақырым (36,8% ); топырақ жолдар — 103 көше (10,0%); 58,95 шақырым. (5,8%).

— Әл-Фараби көшесінің жалғасының құрылысын «Отау Строй»  мекемесі  жүргізуде. Жобаның құны — 3 663,5 млн.теңге. Нысан 2020 жылға өтпелі;

— Бадам өзенінің үстінен өтетін көпір құрылысын»ЖБИ-С» мекемесінің күшімен атқарылуда. Құрылыс  монтаж жұмыстарына қаралған қаржы 1895,5 млн.теңге. Аяқталу мерзімі 2020 жыл;

— Темірлан тас жолы мен Мангелдин көшелерінің қиылысындағы жер үсті жаяу жүргіншілер өтпесі құрылысының жоба құны 226,1 млн. теңге. Мердігер «Алеф-А» мекемесі. Нысанды аяқтау мерзімі 2020 жыл.

— 2019 жылы 21 көшеге (25,8 шақырым) жалпы соммасы  864,6 млн. теңгеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп, жалғасын табуда.

— 2020 жылға  аудандағы 59 көшеге (59,8 шақырым) асфальт төсеу жұмыстарына (1 424,7 млн. теңге) қалалық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының   бюджетті нақтылау  жоспарына ұсынылды.

2019 жылы аудан аумағындағы Самал-3, Қызылжар,  Ақтас, Құрсай, Ынтымақ, Ынтымақ-2, Агрофирма, Солтүстік саяжай, Ақжар,  Арғымақ елді мекендеріндегі 85 топырақ көшелерге 27,34 шақырым шағал тас төселді.

2020 жылға аудан аумағындағы 103 көшеге 58,95 шақырымға шағал тас төсеу жұмыстарына қаржы қарастыру үшін  қалалық экономика және қаржы басқармасына ұсыныс тапсырылды.

Тұрғын алабтардағы жаңақұрылыс аумақтарында  пайда болып жатқан көшелерге қажеттілігіне қарай қосымша ұсыныстар берілетін болады.

Аудан аумағында 1025 көшенің 183 көшесінде (17,8%) 340 шақырым (33,5%) аяқ жол төселген.

2019 жылы Самал-3 шағым ауданы Ізгілік көшесі-1,5 шақырым; Ынтымақ шағын ауданы Ташкент көшесіне -1,8 шақырым; 4 шағын ауданы Қабылбеков көшесі — 0,5 шақырым; Жайлау шағын ауданы Алмаханқажы көшесі — 0,8 шақырым; Ақсуат көшесі — 0,75 шақырымға, барлығы 5 көшеге 5,3 шақырымға 50,9 млн.тг. аяқ жол салу жұмыстары  жүргізілді.

2020 жылға  9 көшеге 6,34 шақырымға 84,8 млн.теңгеге аяқ жол салу қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ұсыныс жолданды.

Аудан аумағында 453 көпқабатты тұрғын үйлер 258 аулаға біріктірілген. 2019 жылға дейін 219 аулаға балалар ойын алаңшалары орнатылған.

Көпқабатты тұрғын үй аулаларын абаттандыру мен балалар ойын алаңшаларын орнату  бойынша 2019 жылы  аудан аумағындағы 45 ауланы 1 411,6 млн. теңге мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында жұмыстар жүргізілуде.

2020 жылға аудандағы тозығы жеткен 35 ауланы абаттандыру бойынша сметалық құжаттамалары 515, 6 млн. теңгеге дайындалып, бюджеттен қаржы қарастыру үшін, қалалық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасына ұсыныс енгізілді.

«Қызмет-Ақпарат»

Фото С.Қосаевтікі

Яндекс.Метрика