«Менің тұңғыш президентім»

        Шардарада Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиын аудан әкімдігі-нің үлкен мәжіліс залында өт-кізілді. Еліміздің мемлекеттік әнұраны шырқалып болған соң аудан әкімі Қамытбек Айтөреев баяндама жасады.

tories/NAN_HAN.jpg» width=»200″ height=»256″ alt=»NAN_HAN» style=»float: right;» />

        — Биыл екінші мәрте атап өтіп жатқан Тұңғыш Президент мерекесінің маңызы ерекше. Осыдан 22 жыл бұрын ел тізгінін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қолына алған болатын. Біздің тұңғыш Президентіміз өте қиын кезеңді халықпен бірге бастан кешірді. Алайда, болашаққа деген нық сенім бәрін де жеңіп шықты. Сарабдал басшы, сұңғыла саясаткер Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің көре-гендігінің, біліктілігінің арқасында Қазақстан мемлекетін әлемге таныта білді. Елу елдің қатарына кіреміз дегенде базбіреулер күдікпен қарады. Біз ол межеден абыроймен көріне білдік. Ендігі уақытта дамыған отыз елдің ортасынан орын алу үшін алдымызға айқын мақсаттар қойып отырмыз. Біз бірлігіміздің, ұлтаралық татулығымыздың арқасында ол күнге де жетерімізге сеніміміз кәміл, — деді Қамытбек Нұржанұлы. 
        Аудан әкімінің құттықтау сөзінен соң марапаттау рәсімі басталды. Ауданның әлеуметтік-экономи-калық дамуына лайықты үлестерін қосып жүрген әр саланың мамандарын Қамытбек Айтөреев «Алғыс хаттармен» құттықтады. 
        Мұндай марапатты аудандық мәслихат депутаттары да жасады. Аудандық мәслихаттың депутаты Исатай Әділханов барлық депутаттар атынан құттықтау сөз сөйлеп, соңынан бір топ азаматтарға аудандық мәслихаттың «Алғыс хаттарын» табыс етті.
        Салтанатты жиын соңы «Менің Тұңғыш Президентім» атты концертке ұласты.
  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика