Мешіттің жері таласқа түсіп жатыр

tories/bf69de8b75ee5b44c60fcc5a8a05c102.jpg» width=»400″ height=»300″ alt=»bf69de8b75ee5b44c60fcc5a8a05c102″ style=»float: left;» />

tom-style: solid; border-bottom-color: #dde1e4; font-size: 14px; font-family: arial, tahoma, verdana; line-height: 22px;»>

        Астана. Baq.kz – Қарағандыда орталық мешіттің тұрған  жері таласқа түсіп жатыр. Жер телімінің әуелгі иесі жергілікті әкімдікке  алданғанын айтуда. Билік уәде етілген ақшаның бақыр тиынын да  ұстатпаты. Енді қаланың қақ ортасындағы учаскесінен де айырылып,  ақыдан да қағылған ол қала әкімдігімен соттасып әлек. 

        Бәтима Ақшолақова меншігіндегі жерге салынған мешіттің мәселесін  шеше алмай-ақ қойды. Кезінде орнына «басқасын берем» деген әкімдік  уәдесінен айнып қалған. Сот та істі біржақты ете алмай кәсіпкерді  сергелдеңге салған. 2011 жылы мейрамханасын күл талқан етіп,  қарымтасына қарық қыламыз дегендер енді оған тиын татырмай отыр.

        Бәтима Ақшолақова, Қарағанды қаласының тұрғыны:

        -Сол кездегі қала әкімінің орынбасары Нұрлан Әубәкіров жерді  аларда тура осындай жер беріп, өтеп береміз деген. Тіпті қолын  қойып, мөр басқан қағазы бар. Енді бет бақтырмай отыр. Сот та көріп отыр бұл құжатты. Осыдан кейін әділдікті қайдан іздеуге болады?

Алғашқы сотта жеңіліп, кейінгі апелляция әкімдіктің әлімжеттігін әшкерелеп берсе де, іске прокуратура араласқасын соңғы соттың шешімі сорлы күйге қайта түсірген бұларды. Кезінде бизнеске деп несие берген банк те кәсіпкердің дүние-мүлкі мен мешіт маңындағы жерді тұтқындап, мойынға 15 миллион теңге қарызды іліп тастапты. Ал кәсіпкермен соттасып жүрген шенділер енді » жеріңді пайдалана бер» деп өзін келеке етіп отырған көрінеді.

Айдар Телғарин, Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары:

-Бұл жерде мешіттен басқа нысан болмауы керек. Аумақтың бөлшектік жоспар жобасына сәйкес келмейді. Бірақ жер телімі кәсіпкердікі боп есептеледі. Банкке қарызын төлемеген.

Шенеунік кәсіпкердің барлық сотта жеңіліс тапқанын мақтанышпен айтты. Сөзіне қарағанда, егер кәсіпкер жерінен өз еркімен бас тартып, құжаттарға қолын қойса іс бітеді екен. Бірақ шенділердің кейін қажетін өтеп береріне Бәтима күмән келтіріп отыр.

baq.kz cайтынан алынды

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика