2024-09-22

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ЕСЕПТЕ ТҰРҒАН 50 МЫҢНАН АСА АДАМ КӨМЕК АЛДЫ

Пробация – адамдардың қайта қылмыстық құқық бұзушылыққа бармауы үшін мінез-құлқын түзеуге бағытталған қызмет түрі мен бақылау және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы шаралардың заңмен белгіленген жүйесі. Қазақстан ТМД және Орталық Азия елдерінің ішінде алғашқы болып пробацияның толық жүйесін қабылдаған ел.

Жалпы, біздің елімізде ең алғаш рет «пробация» ұғымы 2012 жылдың 15 ақпанындағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пробация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңында қолданылған. Елімізде абақтыдан бостандыққа шыққандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету ісі жолға қойылған.

Осы орайда айта кетейік, әлеуметтік-құқықтық көмек, бұл – пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды әлеуметтендіруге бағытталған жеке бағдарламалар негізінде іске асырылатын шаралар кешені. Осы жылдың басынан бері еліміздің барлық өңірінде пробация қызметінің есебінде тұрған елу мыңнан аса сотталған адам әлеуеметтік-құқықтық көмек алған.

Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудегі негізгі бағыттарға пробацияның есебінде тұрғандарды жұмысқа орналастыру, емдеу, білім алуына жәрдемдесу, құжаттарын қайта қалпына келтіру, психологиялық көмек беру және өзге де әлеуметтік-құқықтар қызметтер жатады.

 

Т. Расулметов

Шымкент қалалық №2 ПҚ бөлімінің инспекторы, әділет лейтенанты

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика