2024-09-20

Шомылу маусымы аяқталуға жақын

Шомылу маусымы кезінде су нысандарында адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету өзекті мәселелердің бірі саналады. Қазірде Шымкент қаласының аумағында  4 өзен, 4 су қоймасы, 5 тоған және 22 демалыс орны (аквабақ, саяжайлар және т.б.) бар. Үшінші мегаполисте шомылу маусымы сәуір айынан басталып, қыркүйекке дейін жалғасады.

tories/16.08.2019-2.jpg» border=»0″ />

Кеше Ақпараттық коммуникациялық орталықта суға шомылу маусымында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және дала-орман өрттерінің алдын алу туралы баспасөз брифингі өтті. Жиында сөз алған қалалық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник, Е.Ж.Бахаев шомылу маусымы және дала-орман өрттері кезінде қауіпсіздік шараларын қолдану бойынша атқарылған жұмыстар туралы және ТЖД зілзалаларды азайту және азаматтық қорғаныс саласындағы бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Б.Ш.Ізбасаров БАҚ алдында атқарған жұмыстары жайында баяндама жасады.

Баяндамашылардың сөзінше, биыл былтырғымен салыстырғанда біршама көрсеткіштерде оң нәтижелер бар екен. Мәселен, бақыланбайтын орындарда шомылу, балық аулау кезінде судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтамау, су айдындардың қасында ересектердің қарауынсыз балалардың болуы – судағы жазатайым оқиғалардың негізгі себептері болып саналады. Ағымдағы жылдың сәуір-тамыз аралығында қала аумағында судағы жазатайым оқиғалар тіркелген жоқ. Салыстыру үшін айта кетсек, өткен жылы осы мерзімде Шымкенте 4 оқиға орын алып, 2 жас бала суға батып кеткен екен.

Су айдындарында келеңсіз оқиғалардың алдын алу мақсатында  Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық бөліністерімен үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Үгіт-насихат жұмыстарына ерікті студенттер, жергілікті полиция қызметі тартылған. Жедел-құтқару жасағының жеке құрамы шомылу маусымын қауіпсіз өткізу мақсатында қызмет атқарудың күшейтілген режимде жұмыс жасауда.

Болуы мүмкін орман және дала өрттерін алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың мамыр айында қала аумағында жалпы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 18 шақырым, жергілікті автомобиль жолдарының бойларында 88,2 шақырым, орман қоры жерлерінде 530 шақырым және егістік алқаптарында 400 шақырым өртке қарсы минералды жолақ жырту жұмыстары жүргізілді.

Әйтсе де, атқарылған жұмыстарға қарамастан ауа-райының ыстық болуына байланысты биылғы  өрт қауіпті кезең басталғалы қала аумағында 2 бидай өрті тіркеліп, жалпы көлемі 24 га құрады.  Материалдық шығын 4 млн. теңгенің шамасында (Абай және Қаратау аудандары). Сондай-ақ, дала алқаптарында жалпы 4 өрт жағдайлары орын алып, тілсіз жау 30 га шарпыған, зардап шеккендер тіркелмеген.

Яндекс.Метрика