«Тәуелсіз елім — Қазақстаным»

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада «Тәуелсіз елім — Қазақстаным!» атты 16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара өтті. Іс–шараға кітапханамыздың белсенді оқырмандары келіп қатысты.

tories/13122019-7.jpg» border=»0″ />

Биыл Қазақстан халқы өз Тәуелсіздігінің 28-жылдығын атап өтуде. Ия, бізге Тәуелсіз оңайлықпен келген жоқ. Бұл ретте даламызда болған әрбір шайқас, әрбір көтеріліс – Тәуелсіздікке жетуге жасалған қадам болды. Солардың ең соңғысы – 1986 жылғы «Желтоқсан көтерілісі» Тәуелсіздік жолындағы қозғалыс болып тарихқа енді. Себебі, онда жастарымыз «Әр халықтың өз көсемі болсын!» деген ұран көтеріп, өз талаптарын білдірді. Көтерілістен кейін бес жыл өткеннен соң, ақыры Қазақстан аңсаған өз Тәуелсіздігіне қол жеткізді. Тәуелсіздік – еркіндік, бостандық, азат болу деген сөз. Осы өмірге келген әрбір тіршілік иесі тәуелсіздікті іздейді, соған қарай ұмтылады, сол үшін күреседі.

ХХ ғасырдың соңында ата–бабамыз аңсаған Тәуелсіздігімізге ақыры қол жеткіздік. Елімізге тілеулес болып тәуелсіз мемлекет екенімізді ең әуелі түбіміз бір Түркия мойындады. Сосын АҚШ, Қытай, Ұлыбритания сияқты дамыған мемлекеттер дербес ел деп таныды. Әрі, бұл ретте қазақ халқы азып-тозбай, жойылып кетпей, «Тозақтың өзінен аман қалған» ұлы халық екенін дәлелдей білді.

Іс–шара барысында «Желтоқсан ақиқаты» Патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша төрағасы Б.Сағынтаев оқырманымыз Н.Нахановты «Желтоқсан қаһарманы» төсбелгісімен марапаттады.

Оқырмандарға тосынсый ретінде «Үміт» мектеп-интернатының шәкірттері, «Самғау» тобы қонаққа келіп, қонақкәде ретінде екі тілде бірнеше әндер шырқап, көпшілік қошеметіне бөленді. Іс-шара аясында кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрме сөрелеріне ЖБШ және «сөйлейтін» кітаптар қойылып, оқырмандар ерекше әсермен тарасты.

Роза Шолданбаева

Шымкент қалалық арнайы кітапханасының қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика