Парасат патшалығы – Кітапхана!

Түрленген Тұран даласының тұмарына айналған Түркістан облысының рухани жауһары, 120 жылдық ғұмырды артқа тастап, тарих тарауларына үлес қосып келе жатқан А.С.Пушкин атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы әдеби мұраны сақтап, оқырмандарына адал қызмет көрсетіп келеді. А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 2018 жылдың қазан айынан бастап Түркістан облысының бас әдістемелік орталығы, киелі қара шаңырағы.

tories/13122019-14.jpg» border=»0″ />

Қазіргі таңда облыста 389 кітапхана бар. Оның ішінде: 2 облыстық, 16 аудандық орталық, 16 балалар кітапханасы, 333 ауылдық, 22 қалалық кітапханалар бар. Халыққа ақпараттық қызмет көрсетудің дәстүрлі әдісін заманауи жаңалықтармен тоғыстырып,бүгінгі таңда кітапханалар оқырманына сапалы қызмет көрсетудің қыр-сырын жетік меңгерген кітапханашы мамандар жиналған ұлттың идеологиясын дәріптейтін руханият ордасы. Мәдени-әдеби жаңалықтардың жаршысы, ұлттың руханиятының мәйегін жинақтаған кітапханада әдебиеттерді насихаттаудың озық үлгілерін ұстанып , жергілікті тарихи орындарды зерттеп,танымал тұлғаларды дәріптеп келеді. Кітапхана мен кітапханашыға деген қоғамда кейінгі кездері орын алған кереғар пікірді өзгертуге бүгінгі кітапханашылардың еңбегі әбден лайықты. Кітапхана ақпараттық-идеологиялық орталық,руханият мекені,әдебиеттің жауһарларының сақтаушысы. Ал бүгінгі кітапхана өз қажеттілігін дәлелдеген мүдделес жандар бас қосатын еркін қарым-қатынас кеңістігі, зияткерлік білім орталығы.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2019 жыл 2 қыркүйектегі «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» атты жолдауында кітапханашылардың түйінді мәселесін ашып айтты. Зиялы ұрпақтың өкілі, Президентіміз біздің мамандықтың болашағына алаңдаушылық танытып, қоғамның назарын аударуы үлкен жағымды жаңалық. Демек, кітапхананың болашағы баянды, оқырманына талмай қызмет көрсететін келешегі кемел болмақ. Бұл ақиқатқа айналарына нық сенімдіміз. Тарихи шындықтың ақиқатқа айналар тұсы – Тәуелсіздік. Ата бабамыздың асқақ арманы, мәңгілік мұраты Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай! Айтулы мереке қарсаңында баршаңызға, руханият шырақшылары – кітапханашылар атынан ыстық лебізімізді жолдаймыз. Көк туымыз көкте желбіреп Тәуелсіздігіміз баянды болсын! Ұлттық рухты көтеруге бағыттаған шырағымыз маздап, ұлы даланың ұлы мұратын арқалаған еңбегіміз жемісті болсын!

Дінәсілова Шәрбану Әлмаханбетқызы

Мәдениет саласының үздігі, А.С.Пушкин атындағы Түркістан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры, кітапхана ісінің үздігі медалінің иегері

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика