Әлемге әйгілі «Ramada» қонақүйі Шымкентте қонақтарға есігін ашты

«Ramada Worldwide» – әлем бойынша өзінің қонақжайлығы мен сапалы қызмет көрсетуімен танылған 900-ге тарта мейманханасы бар қонақ үйлер желісі. Бұл қонақ үйдің біздің қаламызда ашылуы экономикалық дамудың деңгейін көрсетеді.

tories/13122019-24.jpg» border=»0″ />

Келер жылы қаламыздың «ТМД елдерінің мәдени астанасы» мәртебесіне орай өтетін мәдени іс-шараларға алыс-жақын елдерден көптеген турист келеді деп күтілуде. Бұл орайда төрт жұлдызды қонақүйдің қала имиджіне тигізер пайдасы зор. Толық құрылыс мерзімі екі жылға созылған бұл қонақүй Алматы қаласынан кейін біздің қаламызда салынып отыр. Демалысқа келсеңіз де, жұмыс барысымен келсеңіз де, тұрақтап қалуға лайық жер Рысқұлов көшесінің бойында орналасқан. 164 қонақ бөлме LED-теледидармен, кофе-шай қызметімен қамтылған. Бүкіл қаланы көруге болатын понарамалық терезелер де тұрғындар өмірімен танысуға септігін тигізеді. Ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі Ерлан Айтаханов қонақүй басшыларына алғысын білдіріп, қонақ үйдің шаһарымызда бой көтеруі қала инфрақұрылымына салынған зор инвестиция екенін атап өтті.

А.Махашова

  • Related Posts

    TikTok, Instagram, Youtube қашан қазақша сөйлейді немесе Z ұрпағы үшін қазақ тілін трендке айналдыру жолдары

    TikTok, Instagram, YouTube сияқты желілер тек көңіл көтеру құралы ғана емес, қоғамдық пікірді қалыптастыратын, мәдени, рухани бағыт-бағдар беретін күшке айналғалы қашан. Бұл платформалар қазіргі таңда тіл саясатына әсер ететін ықпалды…

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика