2014 жылғы ең төменгі жалақы мөлшері 19966 теңге!

        2014 жылғы 1 қаңтардан келесі базалық мөлшерлер бекітілді:
     1) жалақының ең төменгi мөлшерi – 19 966 теңге;
     2) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi – 9 983 теңге;
     3) зейнетақының ең төменгi мөлшерi – 20 782 теңге;
     4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш (АЕК) – 1 852 теңге;
     5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасы 19 966 теңге болып белгiленсiн.
        Айлық есептiк көрсеткiш (АЕК) қалай белгіленеді?
       АЕК мөлшері бюджетті жоспарлау барысында алдағы жылғы болжамды инфляцияның шамасына қарай есептеледі.
       «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес 2014 жылы айлық есептiк көрсеткiш (АЕК) 1 852 теңгені құрайды.
       Бұл көрсеткіш кәсіпкерлердің қызметі үшін өте маңызды.
       АЕК не үшін қолданылады?
       Айлық есептiк көрсеткiш:
    — әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша төленетін айыппұл мөлшерін;
    — кейбір салық түрлерін (мысалы, мүлік, жер, автокөлік салықтары);
    — мемлекеттік баж, тіркеу алымдарын, лицензиялық алымдарды;
    — заңды тұлғалардың жарғылық капиталының минималдық мөлшерін;
    — жәрдемақыны және өзгедей әлеуметтік төлемдерді;
    — шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілер мәртебесін анықтауды есептеу үшін қолданылады.
  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика