Казахстанская мечта

tories/kybvnxhzc5g.jpg» width=»180″ height=»270″ alt=»kybvnxhzc5g» style=»float: right;» />

        Астанада ақтөбелік кәсіпкер Марат Әбиев пен журналист Ақмарал Майкөзова бірлесіп жазған «Казахстанская мечта» кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды  astana.gov.kz.

        Марат Әбиев — «Forbes Қазақстан» журналының нұсқасы бойынша отандық миллионерлер тізіміне енген жас кәсіпкерлердің бірі. «Казахстанская мечта» кітабында автор беделді байланыстарсыз, бай ата-анасыз және заңға қайшы шықпай адал еңбекпен миллион доллар табудың жолы туралы өзінің ой-пікірімен бөліскен.
«Адамға ақша табуға мүмкіндік берген дұрыс. Ақша оны бүлдіреді. Ал мүмкіндік, керісінше. Ақша табу — қажырлы еңбек, ол маған да аспаннан түскен жоқ. Мен 10 жасымнан 23-ке дейін еңбек еттім. Бұл кітапта жинаған тәжірибем жайлы жазсам, жастардың көбі шабыттанып, кәсіпкерлікпен айналысады деп ойлаймын. Мақсатым — жастарға шабыт беру», — деді автор баспасөз мәслихаты барысында.
        Сонымен қатар, «Казахстанская мечта» кітабында кәсіпкер кез келген бизнес бастаманың табысты болуы қазақ менталитеті мен психологиясын білуге байланысты екенін айтқан.
        «Іштей биязы болып, қазақтың тілін, салт-дәстүрі мен мәдениетін құрметтеу керек», — дейді М.Әбиев.
        Автордың айтуынша, кітап кәсіпкер болғысы келетіндерге, қиындықтарға қарамастан ілгері қадам жасай алатын адамдарға арналған. Кітаптың тиражы 7777 дана. 

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика