1000 дана Құран кітабын сыйға тартты

Шымкент қаласындағы «Аqmeshit» орталық мешітінің бастамасымен «Оқы! Жаратушы Раббыңның атымен» атты қайырымдылық шарасы өтті. Шара аясында бас имам орынбасары Ахметжан қажы Керімбек, Кувейт мемлекеті «Дүниежүзілік қайырымдылық» қорының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы, доктор Ясир Мухаммад Али мырза сөз сөйлеп, ықылас пейілін білдірді.

tories/17122019-13.jpg» border=»0″ />

Қайырымдылық шарасы аясында қала мешіттері мен медреселерге 1000 дана қасиетті Құран-Кәрім кітабы тегін үлестірілді. Аталған шараға қаржылай қолдау білдірген Кувейт мемлекеті «Дүниежүзілік қайырымдылық» қорының Қазақстандағы өкілдігіне мешіт қызметкерлері алғыс айтты.

  • Related Posts

    TikTok, Instagram, Youtube қашан қазақша сөйлейді немесе Z ұрпағы үшін қазақ тілін трендке айналдыру жолдары

    TikTok, Instagram, YouTube сияқты желілер тек көңіл көтеру құралы ғана емес, қоғамдық пікірді қалыптастыратын, мәдени, рухани бағыт-бағдар беретін күшке айналғалы қашан. Бұл платформалар қазіргі таңда тіл саясатына әсер ететін ықпалды…

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика