«Тозақ шеңбері». Трагедиялық қойылым…

«16 Желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында С.Досановтың «Тозақ шеңбері» атты трагедиялық қойылымын тамашалап қайттым.

«Тозақ шеңбері» трагедиясы-Желтоқсан оқиғасынан сыр шертетін қойылым. «Желтоқсан оқиғасы»-біздің қасиетті де қасіретті, қиын да күрделі тағдырымыз. Ол біздің елдігіміз бен ерлігіміздің жаңа тарихы. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы қорғап, аманат еткен елді, жерді өз елінен шыққан азамат басқаруға лайық деп таппаған әміршіл жүйеге наразы болған қазақ жастары алаңға шыққан кезі еді. Бүгінгі қойылым осынау қиын кезді суреттеп, сипаттап ел назарына ұсынды.

tories/17122019-29.jpg» border=»0″ />

Желтоқсан оқиғасынан сыр шертетін С.Досановтың «Тозақ шеңбері» трагедиясы 2015 жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында театр сахнасында алғаш көрермендерге ұсынылған болатын.

Бүгінгі қойылымды тамашалауға отбасым мен бірге барып, керемет әсерде қайттым. Қайырымды қала тұрғындарының да қарасы көп. Қойылым соңында орындарынан тік тұрып, құрмет-қошеметті жаудырды.

М.Сауранбекова

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика