«Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын, Өзбектің келістірер қай баласы?!»

Шымкент Аймақтық-әлеуметтік инновациялық университетінде Тәуелсіздік мерекесіне орай әрі қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Тәуелсіздік деп соғады жүрегім» атты іс-шара өтті. Биылғы Қазақстанның Өзбекстандағы жылы қорытындылануына сәйкес аталған университетте білім алатын өзбек ұлтының студенттері ұлы ақын Абайдың өлеңдерін жатқа оқып, сахналық қойылымдар қойды, Абай кейпін сомдады.

tories/17122019-33.jpg» border=»0″ />

Университет директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Әбсеметов Ұлы дала елінің ұлық мерекесі — Тәуелсіздік мерекесімен шын жүректен құттықтады.

– Осындай елдік мерекенің маңызы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы татулықтан-ақ көрініс табары сөзсіз. Екі ел Мемлекет басшыларының арасындағы түрлі меморандумның нәтижесінде биылдың өзінде Шымкент қаласына 10 мыңға жуық студент оқуға келді. Соның біршамасы біздің оқу орнында білім алуда. Олар сабақтан тыс уақытта университетіміздің жанынан ашылған «Тіл үйрету орталығында» қазақ тілі курсын оқиды, — дейді Нұрбол Есенбайұлы.

Аймақтық-әлеуметтік инновациялық университетінің «Тіл үйрету орталығының» меңгерушісі Е.Құдайбергенов өзбек студенттері қазақ тілі курсында оқығанына небәрі үш айдың жүзі болғанымен, сахнада көрсеткен өнері, мәнерлеп оқыған өлеңіне қарап жоғарғы баға беруге болатынын айтады.

Іс-шара барысында «Көркем» дуэті «Қазағым-ай» әнімен жиналғандардың рухын дүр сілкіндірсе, М.Жұбатов, Е.Көшерлер де әнімен тербетті. «Арай» би тобы мың бұрала биледі.

Бүгінгі жиын екі ел ынтымақтастығының берік іргетасы, екі ел татулығының көрінісі әрі тұғырлы Тәуелсіздіктің заңды жемісі екені айқын.

Мөлдір Кенжебай

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика