Тәуелсіздік күніне орай 16 желтоқсан күні Қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының ұжымы қайырымдылық акциясын ұйымдастырып өткізді. Бұл жолы әлеуметтік жағынан аз қамтылған мұқтаж отбасы тізімін «Зекет қорынан» алып, қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етті.
tories/18122019-3.jpg» border=»0″ />
Акцияның мақсаты – мұқтаж жандардың әлеуметтік қорғалуына бүкіл қоғамның назарын аударып, жақсылық жасауға шақыру. Жалпы, қайырымды қала тұрғындары ретінде, отбасылық жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі жандарға қайырымдылық жасап, азаматтық көмек көрсетіп қол ұшын созу – әр адамның міндеті деп білеміз.
Teatr Kukol фейсбуктегі парақшасынан