2024-09-21

«Қазақ елінің ұмытылмас ұлы тұлғалары»

ОҚМУ-да дәл осы тақырып аясында Т.Рысқұловтың 125 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференция өтті. Конференцияның негізгі мақсаты, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және 2018 жылғы 20 қарашадағы «Ұлы Даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларын іске асыру.

tories/18122019-13.jpg» border=»0″ />

«Ұлы Дала тұлғалары» ғылыми-көпшілік сериясын жүзеге асыру барысында көпшілік қауымға қазақ ұлт тарихындағы ғалым, қоғам және мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың өмірі мен саяси қызметі, республиканың әлеуметтік-экономикалық жағдайын қалыптастыру және дамыту жөніндегі Тұрар Рысқұловтың рөлі мен орны; ХХ ғасырдың қазақ интеллегенциясының көзқарастарында тәуелсіздік үшін күрес және Түркістанның саяси дамуының маңыздылығы, жалпы Қазақстан мен Орталық Азияның халықаралық деңгейдегі сапалы ғылыми зерттеулерінің жаңа бағыттары мен ынталандырылуы және Еуразияның мәдени-тарихи мұрасы үшін Түркі әлемінің құндылықтары бойынша жаңа ғылыми зерттеулер таныстырылды.
Халықаралық ғылыми конференицияға Тұрар Рысқұловтың 125 жылдық мерейтойына орай, Мәскеу қаласынан алып тұлғаның немересі Владимир Рысқұлов және Алматыдан Рысқұлова Адель, Мұратәлі Төлепбергенұлы Түлкібас ауданы Тұрар Рысқұлов ауылынан ұрпақтары арнайы шақырылды.
Сондай-ақ, Шымкент қаласының әкімдігі, Түркістан облысы Түлкібас ауданының әкімдігі, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы, Ресей Федерациясының, Өзбекстанның, Қырғызстанның шетелдік ғалымдары, Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан, Тараз, Қызылорда Павлодар, Орал, Өскемен, Шымкент, қаласындағы ғалымдары, Алматы қ., Ш.Уәлиханов атындағы «Тарих және этнология» институтының әкімшілігі, Алматы облысы Талғар аудандық музейінің қызметкерлері, «Рухани Жаны» ғылыми-зерттеу орталықтарының өкілдері, «Археология және этнология», «Түркітану», «Сураншы батыр» атындағы орталық, «Түркістан облысының өлкетану» мұражайы, «Отырар» ғылыми-білім беру кітапханасы, сонымен қатар мемлекет қайраткерлері, жас ғалымдар, республикалық қоғамдық қорлардың өкілдері ретінде – «Шерхан Мұртаз атындағы қоры», Шымкент қаласының білім басқармасы, Шымкент қаласы мен Түркістан облысының орта мектептерінің мұғалімдері қатысты.

 

М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Бас ғимарат, 1 қабат «Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығында Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Тұрар Рұсқұловтың 125 жылдығына арналған «Қазақ елінің ұмытылмас ұлы тұлғалары» атты Халықаралық ғылыми конференция аясында «Т.Рысқұлов — халқына пана болған тұлға» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелді М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к., доцент Есеналиев Асқат Ералыұлы жүргізіп отырды.
Дөңгелек үстелге Алматы қаласынан «Әділет» тарихи-ағарту орталығының директор м.а. Ходжикова Сауле Қулахметқызы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті «Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығы жетекшісі Ордалы Қоңыратбаев, Алматы қаласы Талғар ауданы Т.Рұсқұлов атындағы мектебінің кітапхана меңгерушісі Ахметова Кулжан Сарсенқызы, Алматы қаласы Талғар ауданы Т.Рұсқұлов атындағы мектебінің мұғалімі Бекбосынова Рысбуби Нурахметқызы және университет оқытушылар құрамы қатысып, өз ойларын ортаға салды. Дөңгелек үстел үстінде қоғам және мемлекет қайраткері Тұрар Рұсқұловтың өмірі мен қызметі, тың архив құжаттары жан-жақты ашылып талқыланды.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ фейсбук парақшасынан

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика