Елең еткізген жас айтыскерлер айтысы

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті Тәуелсіздік күні мерекесіне орай жас айтыскер ақындар арасында «Тәуелсіз елдің жастары» деген тақырыпта республикалық айтыс өткізді. Өнер додасына 12 жас қатысып, өңір жұртшылығына жырдан шашу шашты.

tories/18122019-15.jpg» border=»0″ />

Орамды ой, кестелі сөздермен өрілген ақындар айтысы үш сағатқа созылды. Ақындар ұтымды әзіл, салмақты ой орамымен көрермен ықыласына бөленді. Басты тақырып-Тәуелсіздік, Азаттық, егемен елдің бүгіні мен болашағы. Ақындар береке басы болған елдегі бірлікті, ағайын іші тату тірлікті жырға қосты. Нұр-Сұлтан, Алматы және Түркістан облысынан келген айтыскерлердің маржан сөзбен мәнді етіп жеткізген көркем ойына жұртшылық дуылдата қол соқты. Айтыстың көрігін қыздырып, көптің көңілдегісін өлеңмен өрнектеген ОҚМПУ-нің студенті Нұрғали Әнәпия бас жүлдені еншіледі. Айтысқа қатысушылардың барлығы бағалы сыйлықтармен марапатталды.

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика