Шымкентте Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері мен қоғамдық белсенділер қала көшелерінде профилактикалық рейд жүргізді

Шымкент қаласының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері қоғамдық белсенділермен бірлесе отырып, көшенің аула бөлігін аралап, есірткі заттарын тарату сайттарын жарнамалайтын граффити-жазуларды тауып, бояды. Рейд барысында полиция қызметкерлері азаматтарға тыйым салынған заттарының қолдану қаупі туралы еске салып, адамның есірткі құралдарын қолдануының негізгі белгілері, есірткіге тәуелділіктің жылдам дамуы және ол туындаған жағдайда шұғыл шаралар қабылдау қажеттілігі туралы айтып берді.

tories/18122019-18.jpg» border=»0″ />

Полиция қызметкерлері есірткі заттарын сақтау, тұтыну және тарату үшін заңмен қарастырылған жауапкершілік туралы еске салды. Әңгіме барысында іс-шараға қатысушылар азаматтарға ішкі істер органдарына есірткі сату фактілері туралы хабарлауға шақыратын жадынамалар таратты.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика