Билер кеңесі – ұлттық игіліктің жандануы

Қазіргі қазақ қоғамына билер соты қажет пе? Әрбір елді мекенде құрметті, абыройлы азаматтар бар. Оларды дайындап, медиация курстарында оқытып, би мәртебесін беру қажет. Олар бюрократиясыз, сотсыз, сөздің күшімен-ақ қақтығысты шешіп, тараптарды ортақ шешімге келтіре алады. Сонда қоғамда дау азайып, сотқа түсіріп отырған ауырлықты жеңілдетер еді.

tories/18122019-25.jpg» border=»0″ />

Ал біз қазақта ежелден болған билер соты жайлы не білеміз? Қазақта кімдер би болған? Тарихқа көз жүгіртер болсақ, дәстүрлі билер соты қазақ жерінде XIX ғасырдың бас кезіне дейін болған. Ол көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтына бейімделген. Алайда, XIX ғасырдың 20-жылдарынан бастап патша үкіметі билер сотын бірте-бірте жоя бастаған. Билер сайланбаған…

Уикипедия ашық энциклопедиясындағы мәліметтер бойынша, қазақ қоғамында билер ешқашан сайланып та, тағайындалып та қойылмаған және би лауазымына бекіту деген атымен болмаған. Сонымен қатар, би қызметі атадан балаға мұра ретінде қалдырылмаған, тек би болатын адамның бойынан бірнеше қасиет табылуы тиіс екен: Біріншіден, қазақтың дәстүрлі әдет құқығын жете білуге міндеттелген. Мысалы, «Қасым ханның қасқа жолын», «Есім ханның ескі жолын», Тәуке ханның «Жеті жарғысын» жатқа білуі керек. Екіншіден, үміткер шешендік өнер мен аталы сөзді жақсы меңгеруі қажет. Үшіншіден, барынша адал, ешкімге бұра тартпайтын әділ болуы шарт. Қазіргі қоғамға билер соты қажет пе? Олар азаматтық дау-дамайларды шешіп, істі сотқа дейін жеткізбей, медиациялық тәртіпте әрекет ете алады. «Билер соты, дала соты ата-бабамыздың, сонау Қазақ хандығы, қазақ құрылымы, қазақ мемлекеті кезінде қоғамнан ерекше орын алғаны рас. Олар биліктің, мемлекеттің құрылымына араласты. Расында да, қазақтың ежелгі билер соты тек сот төрелігін жүзеге асырған жоқ, мемлекеттік құрылымға да қатысып, республикалық, мемлекеттік деңгейдегі мәселелерді қарады.

Ал қазіргі билер сотын жандандыру деген мәселе қазіргі сот төрелігін жүзеге асыру дегенді білдірмейді. Судьяның айтуынша, бұрынғы билер соты мен қазіргі сотты салыстыруға болмайды немесе оларды теңестіру сынды ұғымдар орынсыз, қате. Себебі қазіргі құқықтық нормалар бір адамның би болып, соттық шешім шығаруына жол бермейді, тек қоғамдық ұйым ретінде тіркеп, даулы істерді сотқа дейін шешуіне болады. «Қазіргі билер соты қоғамдағы азаматтық мәселелерді шешіп, сотқа дейін бітімгерлікке келіп, татуласуды жүзеге асыруы тиіс. Ел ішінде салмақты, аузы дуалы қариялар бар, сөзбен жанжалды ажырата алатын, бұрын мемлекеттік қызметте болған, қазір зейнеткерлік жаста жүрген ел ағалары, ауыл ақсақалдары солардың басын қосып, қоғамдық ұйым, қоғамдық кеңес ретінде құрып, ел ішінде болып жатқан дау-дамай, жанжалдарды реттеп, соларды бітімгершілікке баулыса, міне, осындай бағытта билер соты қажет деп есептеймін.

Қазір де әр өңірлерде медиация аясында құрылған ақсақалдар кеңесі бар. Енді сол кеңестер ресми түрде, құқықтық нормаларға сай тіркелер болса, қазіргі билеріміз де азаматтық дау-дамайды, еңбек қатынасы, отбасылық құқық, қарым-қатынасты реттеу бойынша істерді жүзеге асыра алатын еді. Бәлкім, ондай билер қазіргі судьялардың қызметін жеңілдетіп, қоғамға да өзіндік пайдасын әкелер еді.

Б.С.Кәрім

Шымкент гарнизоны әскери сотының төрағасы

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика