«Мәртөбе» кешені

Жүгірткен ойын жыраққа,

Бар қазақ қанық бұл атқа.

Қазақта не көп, төбе көп,

Мәртөбе жалғыз бірақ та!

tories/19122019-2.jpg» border=»0″ />

Мәртөбеге бара қалсаңыз, Бақытжан Алдияр ақынның осы бір шумағы қарсы алады. Мәртөбе кешені Шымкент қаласының Қаратау ауданына қарасты Сайрам тұрғын алабынан Қарамұрт ауылына қарай шыға беріс жолдың сол жақ бетінде орналасқан. Бұл төбе VII-XII ғасырлардағы қалашықтың орны. 20х30м өлшемді цитадель. Биіктегі 6-7 м., төбесі тегіс. Мұнда ХVІІ ғасырда билік басына келген Есім ханнан бастап, ХVІІІ ғасырдағы Тәуке хан тұсына дейін алты алаштың баласы бас қосып, билер кеңес құрған. «Есім ханның ескі жолы» және «Жеті жарғы» да осы маңда талқыға түсіп, жарияланған. «Жеті жарғыны» қабылдар сәтте қазақтың атақты би-шешендерінен 12 би, олардың қатарында үйсін Төле би, арғын Қаз дауысты Қазыбек би, алшын Әйтеке билерден өзге қатаған Жайма би, қарақалпақ Сасық би, қырғыз Көкім билер де қатынасқан. Мәртөбенің «Ұлы дала парламенті» деп аталуы да сондықтан.

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика