Ибраһим ата кесенесі

Ибраһим ата кесенесі Сайрамның солтүстік жақ бетінде, Ақсукентке қарай шығатын күре жол бойындағы қырда орналасқан. Бұл сәулет ескерткіші ХVІІ ғасырда салынып, ХХ ғасырда қайта жаңартылған. Кесене Қ.А.Яссауидің әкесі, жергілікті шайқы Ибраһим атаның моласының үстіне салынғаны белгілі. Еліміздегі ортағасырлық ең көне күмбезді кесенелерлің бірі саналады.

tories/19122019-6.jpg» border=»0″ />

Ибраһим ата ХІ ғасырдың соңы мен ХІІ ғасырдың басында ғұмыр кешкен. Өзі дін қайраткері, әрі жер өңдеушілікпен айналысқан дихан болыпты. Кесене шаршы жобада 7,2х7,2м көлемде күйдірілген кірпіштен салынған. Жол шетінде орналасқандықтан, ХХ ғасырдың 90-шы жылдары жол арнасын ауыстырып, 20 метрге жылжыту арасында кесенені бұзылудан сақтап қалған. Қаңылтырлы күмбезді порталы 2000-шы жылдары реставрацияланып, қазіргі кейпіне енген. Түркістандағы Қ.А.Яссауи кесенесіне баратын саяхатшылар алдымен осында зиярат ететіндіктен, мұнда келушілер күн санап артып келеді.

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика