«Металлургтер» сарайы

«Металлургтер» сарайының Шымкент қаласы тарихында алар өз орны бар. Кеңес дәуірінің «Кемелденген социализм» кезеңінде қорғасыншылар қаласына айналған Шымкенттің архитектуралық келбетін көрсетеді. Екінші дүние соғысында Кеңес әскерінің атқан әрбір он оғының тоғызын берген қаладағы қорғасын зауыты жұмысшыларына соғыстан кейінгі жылдары мәдени байлық сыйлаған Металлургтер сарайының сәулет стилі де сирек кездесетін ерекше үлгіде.

tories/19122019-12.jpg» border=»0″ />

Сәулет ескерткіші 1957 жылы сәулетшілер В.А.Нильсен, Е.Башходжаевтардың жобасымен салынған. Әрлеу жұмыстарын Н.В.Цивчинский жүргізген. «Т» пішінді ғимарат 3 қабатты. Ішкі интерьері ерекше, залының төбесі көркем суретті жапсырма материалмен әшекейлі безендірілсе, фойесі мозаикалы әрленген. Сондай-ақ, залға кіреберісі мен фойесінде көркем кескіндеме және сәндік-қолданбалы өнер туындылары, жабыстырмалы өрнектер пайдаланылған. Көркемсуреттер қазақ жеріндегі революциялық және социалистік құрылыс тақырыптарына арналған.

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика