Шымкенттің жарқын сәулет ескерткіші — Жәми мешіт

Шымкенттің ең көне сәулет ескерткіші – Жәми мешіт. Тұрғындар арасында «Ескі мешіт», «Қошқар ата мешіті», кейінгі кездері «Шыңғысбай Дәуітұлы мешіті» аталып жүрген мешіт қаланың сәулет ескерткіштері тізімінде осылай аталады. Мешіт Шымкенттің «Ескі қала» деп аталатын бөлігіндегі Амангелді көшесінің бойында, Қарасу өзені (Қошқар ата өзенінің көне арнасы) жағасында орналасқан. Мешіттің құрылыс формасы ортаазиялық Тәшкен-Ферғана сәулет стиліне жатқызылады.

tories/19122019-13.jpg» border=»0″ />

Мешіт ХІХ ғасырдың жарқын сәулет ескерткіші саналады.  Құрылымы жағынан қызметтік және діни рәсімдер өткізу ескерілген, ауласы кең. Мешіт осы ауланың батыс жағында «Г» формасында күйдірілген кірпіштен салынған. Қапталдағы 2 қабатты ағаштан жасалған жабық террасалы айвандар ХХ ғасырдың 40-50 жылдары тұрғызылған. Мешіт – қасбетті композициялық мешіт-айван типіне жатады. Мешіттің ертеректегі құрылымы қысқы зал мен 2 қапталдағы жазғы айваннан тұрған екен. Басты фасады  ортасында жеңіл ғана шығарылған 3 доғалы композициялық портал түрінде шешімін тапқан және бұрыштарында күмбез жабынды 2 кіші мұнарасымен айқындалған. Шатырдың ортасында биіктеу етіп жабылған күмбезі онша үлкен емес барабанның үстіне орналасқан. Мешіт интерьерінде жабынның ұстынды-күмбезді жүйе, ал айванында жалпақ арқалық түрі пайдаланылған. Қысқы залдың батыс тұсындағы қабырғасының ортасында орналасқан михрабының жиегі әдемі оюлармен бедерленіп, боялған. Қабырғалары мен ұстындар жақтауында өсімдік текті өрнектер мен араб қарпінде көркем жазылған жазулар болған.

Мешіт құрылысын Шығысбай қажы Дәуітұлы деген кісі 1881 жылы бастап, 1889 жылы ерте көктемде аяқтаған. Мешіттің сәулетшілері мен ұсталарын Тәшкен шаһарынан алдырып, құрылыстың басы-қасында өзі қадағалап отырыпты. Шыңғысбай қажы 1889 жылы мешіт құрылысын аяқтаған соң сол жылдың мамыр айында қажылыққа аттанып, қазан айында елге оралады. Қажылықтан келгесін 1890 жылы 78 жасында қайтыс болған.

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика